8- наурыз мерекесі бойынша өткізілген іс-шара есебі
2020-2021 оқу жылы
Сазды бұлақ орта мектебі жанындағы шағын орталықта 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілік өткізілді. Мақсаты: балалардың аналар мерекесіне деген құштарлығын оята отырып, анаға деген мейірімділігін, анаға деген махаббатын көрсету. Көңіл күйлерін көтеріп өнерге деген құлшынысын ашу.
Бұл іс-шараға ұстаздар мен барлық балаларда қуана қатысты. Мектеп директоры Хадыр М ұратбек құттықтау сөз сөйледі.
Балалардың бірі ән салса екіншісі би билеп тамсандырды.
Ертеңгілігімізді ана туралы тақпақтар мен ашып және бүлдіршіндеріміз би биледі.
Бүлдіршіндер «Ақ дидарлы анашым» әнін орындады. Даярлық топ «Ана» туралы әндерінен шашу шашты.Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек гүлін бояды. Мұрагер мен Нұрислам «Джентльмендер » биін биледі.
Ертеңгілік соңында барлық балалар «Сенің анаң алтын » әнін орындады.
Өткізген тәрбиешілер: Шынар Т.
Өткізген күні: 05.03.2021 жыл.