"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сазды бұлақ орта мектебінде өткізілген ата-аналар жиналысы

Сазды бұлақ орта мектебінде өткізілген ата-аналар

жиналысының №2 хаттама

20 қараша 2020-2021 оқу жылы

Сазды бұлақ орта мектебінде қарашаның 20-сы күні 9, 10, 11 сыныптарының ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқан қатысқан ата-аналар -4, қатыспаған ата-аналар саны  - 3,

Күн тәртібінде қаралғаны:

  1. «Жүрек жылуы» тренинг
  2. І тоқсан қорытындысы
  3. Әртүрлі сұрақтар
  1. «Жүрек жылуы» тренингін ең алдымен амандасудан бастадық, яғни әр ата-ана әр түрлі әдіспен бір-бірімен амандасып шықты (бірінші адам  қол беріп амандасу, екінші адам дауыс арқылы , үшінші адам мимика арқылы амандасу). Тренингті әрі қарай жалғастыру үшін ата-аналарға «Қызықты сұрақтар» ойыны ойнатылды. Ата-аналарға өзінің балалары туралы сұрақтар қойылды, сол сұраққа тез арада жауап беру қажет.
  2. Балаңыздың аты-жөні
  3. Сынып жетекшісінің  толық аты-жөні?
  4. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
  5. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
  6. Балаңыздың досы кім?
  7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
  8. Балаңыздың бірінші тісі қай қаншав айында шықты?
  9. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
  10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

Жаттығу ретінде «Аяқталмаған сөйлем» деп алдық, яғни бұл жаттығуда ата-аналарға сөйлем айтылады, сол сөйлемді толықтыру қажет.

«Балама қандай жылулық беремін?». Ата-аналарға күннің суреті салынған парақшалар таратылды. Ата-аналар балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазып берді.

Тренингті қорыта келе, ең қымбат бала жаны жайлы ой бөлісті. Ол маңызды, өйткені балалар енді ғана өмір деген ұзақ жолға сапарларын бастап отыр. Бұл жол -–оларды рухани байлыққа бастайтын таза және негізгі жол. Бұл жолды барлық нәрсенің басы болып табылатын үлкен әріппен жазылған МАХАББАТТАН  бастау керек.

2. Екінші мәселе бойынша сынып жетекшілер ата-аналарға бірінші тоқсанның қорытындысын талдап айтып берді. 9 сыныптың білім сапасы – 66%,  10 сыныптың білім сапасы - 33%, 11 сыныптың білім сапасы - 100%.

3. Үшінші мәселе бойынша ата-аналарға оқушылардың тәртібі, жүріс-тұрысы, мінез-құлықтары айтылды. Қазіргі таңда болып жатқан пандемияға байланысты санитарлық ережеледі сақтап жүрулері айтылып өтілді.

 

Жиналыстың шешімі:

  1. Ата-аналар өз балаларына әрқашан жылулық шашып, мейірімдерін төгеді.
  2. Оқушылардың білім сапасы қадағаланып, бақылауда болады
  3. Санитарлық-эпидемиялық ережелер қатаң сақталады

 

Сынып жетекші                   Теңсел С

Жаңартылған күні: 04.12.2020 11:32
Құрылған күні: 04.12.2020 11:32

Текст