“Мен неге құқықтымын?” тақырыбында
өткізген іс шара есебі
2019-2020 оқу жылы
Минскортамектебінде қантардың 20-сы күні “Мен неге құқықтымын?” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іш-шараға 7-9 сынып оқушылары қатысты.7-9 оқушыларына-құқық пәнінің мұғалімі Қуат Т. Сабақ барысын түсіндірді.
Мақсаты: Өзінің құқығы мен міндеттерін түсініп, білу арқылы, өзіне сеніммен қарау. Жасөспірімдердің конституциялық міндеттері мен құқықтары жайлы білімдерін бекіту,құқықтық сананы қалыптастыруға, заңды құрметтеуге, атазаң талаптарын орындауға тәрбиелеу. Құқықтық сананы қалыптастыруға, заңды құрметтеуге, атазаң талаптарын орындауға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар пікір алмасты, cұрақтарға жауап берді, құқық жайлы жеткілікті мағлұмат алды, тақырыпқа сай дайындалған слайдттар ұсынылды. Оқушылар “Менің құқығым” жайлы шағын эссе жазды. Және оны оқып берді.
Қортындылай келе, көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы». Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Құқық пәнінің мұғалімі: Қуат Т.