«Қыздарға әсемдік жарасады» қыздар жиналысының
ЕСЕБІ
2020 – 2021 оқу жылы
Қараша айының 18-күні мектебімізде 6-11 – сынып оқушы қыздары арасында мектепішілік «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Қатысушылар: 6-11 – сынып қыздары (8 оқушы), сынып жетекшілері, педагог – психолог, аға тәлімгер.
Қатысқан оқушылар (қыздар): 5.
Қатыспағаны: 3
Қатысқан сынып жетекшілер: 3
Қатыспағаны: 2
Өткізілген орны: Математика кабинеті.
Мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, тазалығын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой – өрісін дамыту, зиянды әректтерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.
Жиналыстың барысы:
Барысы:
І Кіріспе сөз: Тәрбие ісінің меңгерушісі Сағит О.Д.
ІІ «Жасөспірім қыздың тәрбиесі» - аға тәлімгер Байқұмар Р.
ІІІ «Қыздарға әсемдік жарасады» бейнематериал
ІV Сауалнама «Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» педагог-психолог
V Ағымдағы мәселелер
Қыздар жиналысын тәрбие ісінің меңгерушісі Сағит О.Д. «Жаңа заманда сырғалалылардың әдемі болып көрінуіне мүмкіндік көп. Бояу мен иісмайдың, әшекей мен сәнді киімдердің түр-түріне оңай қол жеткізуге болады. Бірақ, әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?! Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз?» -деп тақырыпты сауалмен бастады.
Қыздардан қазіргі тәрбие туралы өздерінің жеке пікірлері сұралды. 9-сынып оқушысы Муратбек Ш. «Бұрынғы тәрбие қатаң тәртіпке негізделген болатын, қазіргі уақытта бәрі жаңарып, тәрбие мен орта өзгеріп, қыздарымыздың өз еркі өздерінде болған заман деп ойлаймын» деп өз ойын білдірді. 10-сынып оқушысы Хуанышбек Ш. «Мен олай ойламаймын, қазір де қыздар ақылды. Тек дұрыс жол таңдап, дұрыс жүре білу керек. Бәрі өз қолыңда. Тән сұлулығынан жанның сұлу болуы маңызды деп есептеймін» деп өз ойын ортаға салды.
Қыз-бойжеткен, әйел, ана туралы ұлылардан қалған ұлы сөздер мен қанатты сөз, мақал-мәтелдерді мұғалімдер мен оқушылар мағынасын ашып, талдау жасады.
Одан кейін аға тәлімгер Байқұмар Р. «Жасөспірім қыздың тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқып, мектебіміздегі қыздарымыздың жалпы тәрбиесі, киім киісі, адамдармен қарым – қатынас жасауда әдептілік этикасы туралы айтты.
«Сүйкімді дүниенің сұлулықта» ертегісі оқушылар назарына ұсынылып, «Әсемдіктің адам өміріндегі маңызы қаншалықты терең деп ойлайсыздар? Қыздарға әсемдік жарасады дегенді қалай түсінесіздер? Әдеп әріден басталады дегенді қалай түсінесіз?» сынды сұрақтарға жауап берді.
Қызу талқылаудан кейін, интербелсенді тақтадан «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбындағы бейнематериал оқушылар назарына ұсынылып «Қазақ қызы» деп бетке ұстар аты аңызға айналған тарихтағы апаларымызды еске түсіріп, «қызға қырық үйден тыйымды» назарға ала отырып, білімді де тәрбиелі қырдың қызғалдағындай жайнап өсе беріңдер деп, сынып жетекшілер Теңсел С., Бодан А. бүгінгі жиналыстың қорытындылап тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасады
Сонымен қорытындылай келе, әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек – адамды адам еткен болса, сұлулық - адам бойын қуаныш, әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады, сұлу қимылдар мен әсем де әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады.
Педагог – психолог: Сағит О.Д.