Минск орта мектебінде «Тілдер фестивалі» онкүндігіне
орай өткізілген іс – шаралардың
ЕСЕБІ
Қыркүйектің алтысы күні ашылу салтанатына орай «Өлең-сөздің патшасы» атты мерекелік жиын өткізілді. Бұған орта буын оқушылары, 5-6-7-8-сынып оқушылары үш тілде өлең оқыды. 5- сынып оқушылары «Анамның тілі» атты әнін нақышына келтіре орындады. Мектебіміздің үздік оқушысы Сейіл Арайлым М.Шахановтың «Рух пен тіл» атты әнін шырқады.
Сынып жетекшілер «Ана тілім – айбыным» атты тақырыпта 5-11 сыныптарда сынып сағаттарын өткізді.
«Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты өлең сайысында оқушылар өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын және эсселерін оқыды.
Қыркүйектің он үші күні «Бала тілі-бал» атты бастауыш сыныптар арасында сыныптан тыс танымдық ойын сайысы өткізілді.
Бұл сайыста оқушылар «Ана тілі» және «Қызыл тіл» болып топтарда бөліндеі. Сайыс 4 бөлімнен, қызықты тапсырмалардан тұрды.
Қыркүйектің он екісі күні «Тіл – болмыс айнасы» атты сыныптан тыс сабағы 7-11 сыныптар арасында өткізілді. Оқушылар тіл туралы және шешендердің, даналардың айтқан даналық сөздерін шағын көрініс ретінде көрсету. Сонымен қатар, оқушыларға сұрақ – жауап, әр топқа сұрақтар берілді.
Қыркүйектің он төрті күні «We know everything» 2-5 сыныптар арасында сыныптан тыс ойын сабағы өткізіліп, 3 топқа бөлініп сайысты.
Қыркүйектің он жетісі күні орыс тілі пәнінен Зайнулинова А.Н. «Путь» ойын сабағы 5-11 сыныптар арасында болды.
Тіл апталығының онкүндігіне орай «Достықты жырлаймын» атты би кеші өткізілді.
«Тілдер фестиваліне» орай өткізілген жауапты мұғалімдер Зайнулинова А.Н., Теңсел С., Хавил Г., Бодан А. онкүндікке белсене ат салысқан сыныптар мен оқушыларды марапаттап, сыйлықтар берді.