"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

өзін өзі тану апталығы

Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педогогикасы» онкүндік есебі

                                                     2021-2022 оқу жылы              

     Сазды бұлақ орта мектебінде «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық  педогокгикасы» атты онкүндік  жоспары құрылып осы бойынша іс-шаралар өткізілді. Мұнда ақпан айының бірі күні салтанатты ашылуы өткізіліп, сол тақырыпта слайдттар көрсетіліп,оқушылар білгендерін, түсінгендерін, ортаға салып өз ойларымен бөлісті.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбек жолына арналған «Мейірім төккен ана» атты  кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Хавил Г ұйымдастырды.

Ақпан айының екісі күні ана,мейірімділік,бейбітшілік, пен достық тақырыбындағы шығармашылқ жұмыстарда оқушылар өз жазған жұмыстарын тапсырды. Дәл осындай белсенділік танытқандар арсынан Бердхан Әділет, Сейіл Арайлым,Мұратхан Әділ және Қуанышбек Шынар сынды оқушылармыз көзге түсті.

Ақпан айының бесі күні «Адамдар игілік,қайырымдылық, патриоттық» тақырыбында дөңгелек  үстел өткізіліп, оқушылар арасында пікір-талас ұйымдастырылып,өздерінің  дайындап келген сұрақтарын ортаға салды.Ұйымдастырлыған іс-шара  көңілді әрі тартысты өтті.

      Ақпан айының сегізі күні «Адамгершілік-рухани тәрбие» атты  танымдық сабақ өткізілді.Сабақтың негізгі мақсаты:адам бойындағы ұнамды әрі жағымды қасиеттерін айта отырып,оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу және сол қасиеттерді бағалай білуге,адамдармен қарым-қатыныс дағдыларын жасауға баулу сонымен қатар, адамгершілік қасиеті адам бойындағы басты құндылық екенін ұғындыру.Осы танымдық сабақта оқушыларға көрсетілген  слайд арқылы тақырыпты  таныстырып әрі сұрақтар қою арқылы оқушылардың  жауптарын алу кезінде әрбір оқушы  өз ойын жйнақтап, сабақ соңында өз пікірлермен қорытындылады.

     Сабақ соңында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең шумақтармен неше түрлі асыл сөздердермен бөлісті. Ана өмірдің мәні,Ана өмірдің сәнідемекші оқушылар хормен «Ана» атты әсем әнмен  сабағымызды аяқтады.

Ақпан айының  оны күні «Салауатты ұрпақ-мерейлі отбасы» атты 1-4 сыныпттар арсында сынып сағаттары өткізілді.

 

 

Ақпан айының он бірі күні «Алтын жүрек анамыз» атты  оқушылар арасында мәнерлеп оқу  сайысында дарынды оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп оқып, тамашалаған көрермендердің көңілдерінен шыға білді.

Ақпан айының он екісі күні  6-7-8  сынып оқушылары арсында «Сүйспеншілік-өмір өзегі» атты сайыс сабағы өткізілді. Негзігі мақсаты: оқушыларға қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп және сүйспеншілік  құндылығының  негізі мәнін ашу.

Сайыс бағдарламасы:

1) Топты таныстыру.

2) Жалғасын тап.

3) «Сөзтапқанғақолқажоқ»

4) Мәтінмазмұнынабайланыстымақал-мәтелайту.

5) «Қызықекен!»

6) Құпияхаттарғажауап беру.

Осындай 6-түрлі деңгейде оқушылар өз баптарын сынаған болатын.Жеребе тарту арқылы «Адалдық» және «Сыйласытық» атты екі топ болып бөлінді. Сайыста екі топта осал болған жоқ бірақ,сайыс қортындысы бойынша өз өнерлерін және білімдерін сонымен қатар, алғыр екендерін көрсете отырып «Адалдық» тобы бірінші орын иеленіп,мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл сайыста барлық оқушылардың көңілінен шығып,қызықты да әрі тартысты өтті.

 

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Бодан А

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 28.02.2022 13:21
Құрылған күні: 28.02.2022 13:21

Текст