Минск орта мектебі
Минск орта мектебі 4 наурыз күні «Ақбота» шағын орталығының 8 – наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай өткізілген іс–шараның есебі.
Мақсаты:
Балаларға наурызхалықаралықмейрамыекеніңұғындыраотырып, аналарынешқашанренжітпеуге, қолғанатболуға, әрқашанқұрметтейбілугетәрбиелеу.Барысы: Ананың орны бала үшін әрқашан да бөлек. Ана мен баланың арасында ерекше бір тылсым байланыс бар. Осы бір көктемнің ең шуақты да, шұғылалы мерекесі аналар мерекесіне әр адам, әсіресе әр бала аса бір ынтамен, қуанышпен дайындалатынын мәлім. Біздің шағын орталықтың да тәрбиеленушілері де аса бір ынтамен, белсенді дайындалып, осы бір мерекені зор ынтамен күтті және барын салып дайындалды. Іс-шараға барлық тәрбиеленушілер 100% қатысты. Өз өнерлерін көрсетіп, ән,тақпақтарын айтып,билерін биледі. Аналарына өз қолдарынмен сыйлық дайындады.
Іс –шара барысында мектеп директоры Хадыр Мұратбек құттықтау сөзін сөйлеп,балабақша ұжымы мен тәрбиеленушілерді құттықтады.