"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлеуметтік желідегі оқушының рөлі: әлеуметтік желі «азық па», азап па?» пікірталас

«Әлеуметтік желідегі оқушының рөлі:

әлеуметтік желі «азық па», азап па?» пікірталастың есебі

2020 – 2021 оқу жылы

 

20.11.20 күні мектебімізде 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Әлеуметтік желідегі оқушының рөлі: әлеуметтік желі «азық па», азап па?» тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,  өз ойларын тиянақты жете айтуға, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Информатика пәнінің мұғалімі Ауел Б. «Интернет-бүкіләлемдік желі» тақырыбында баяндама оқыды.

«Галактика» топ құрамының спикері Хуанишбек Ш. «Интернет бізге керек, «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызатын да» осы интернет. Қазіргі қоғамды интернетсіз елестету мүмкін емес. Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға, қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға, қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға, қаржылық операциялар жасауға , күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға мүмкіндігі өте зор».

«Планета» топ құрамының спикері Муратбек Ш. «Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Тағы бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді».

Топ спикерлерінің қызу талқылануынан кейін оқушылар назарына «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбында интербелсенді тақтадан бейнематериал көрсетілді.

Пікірталасты қорытындылай келе, «Бүгінгі менің өз ойым: онлайн және оффлайн өмір» спикерлердің ұсынысы тыңдалды.

Қоғамдағы өзекті мәселені тілге тиек етіп, ұтымды ой-пікір айтып, «Планета» спикері жеңіске жетті.

«Сіз интернетке тәуелдісіз бе?» анкетасы алынды.

XXI-ғасыр жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай.

 

 

Тәрбие ісінің меңгерушісі:           Сағит О.Д.

Жаңартылған күні: 26.11.2020 16:26
Құрылған күні: 26.11.2020 16:26

Текст