"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сазды бұлақ орта мектебінде «Тәуелсіздікке -29 жыл» аясында «Мәңгілік ел» атты тақырыпта өткізілген патриоттық әндер байқауы

Сазды бұлақ  орта мектебінде «Тәуелсіздікке -29 жыл» аясында «Мәңгілік ел»

атты тақырыпта өткізілген патриоттық әндер байқауының

ЕСЕБІ

2020 – 2021 оқу жылы

15.12.2020ж. күні мектебімізде«Рухани жаңғыру» аясында «Осы маған ұлы Отан,Қасиетт жер Қазақстан» атты тақырыпта патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға патриоттық әндерді айтқызу, тыңдату арқылы Отанын, жерін, туған елін құрметтеуге тәрбиелеу.

Байқауға қатысушылар 1-4 – сынып (бастауыш буын), 5-9 – сынып (орта буын) болып екі топқа бөлініп, жеке – жеке бағаланды. Барлық қатысқан оқушылар саны: 11.

Байқау барысында орындаушының шеберлігі, сахна мәдениеті, киім – киісі де жіті бағаланды.

Байқауға төрелік еткен әділқазылар алқасы мектебіміздің басшысы Хадыр М., Оқу ісінің меңгерушісі Тилеухан Сейтмұрат, Тәрибе ісінің меңгерушсі педагог – психолог Сағит О.Д. болды.

Бірінші болып бастауыш сынып оқушылары әндерін орындады. Сейіл Әйгерім 3сынып) – «Еркіндігімнің айғағы», Мұратбек Зерде (3сынып) – «Туған жер», Серікбол Бекжан (3сынып) – «Сапқа тұр», Мұратхан Айана (3сынып) «Жас Ұлан,Жас Қыран»,Бердханқызы Аруна (4 сынып) – «Тәуелсіздік», Сейтмұратұлы Нұрислам (4 сынып) – Мәңгілік ел жастары», Жеңіс Омарұлы» (4сынып) -«Ұландар» ,Муратхан Әділ Ұлықпанкәкімұлы (6 сынып) – «Отаным қазақ елі», Асқаров Асқар Жанатович (6 сынып) – «Көк тудың желбірегені» әндерін орындаса, орта буын оқушылары: Сейіл Арайлым (7 сынып) – «Тәуелсіздік», Муратбек Шұғыла (9 сынып) – «Алтын бесік» әндерін шырқады.

Байқау соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, өз әнін нақышына келтіріп орындағаны үшін бастауыш сыныптар арасында І орынды Тилеухан Нұрислам, және Бердхан Аруналар өз қанжығаларына  байлап, диплом және сйылықтар, III орынды Мұратбек Зерде , місе тұтты.

5-9 – сыныптар арасында сынға түскен оқушыларымыз арасында І орын Мұратхан Әділ Ұлықпанкәкімұлы лайық деп әділқазы мүшелері өз бағаларын берді. Басқа да қатысқан оқушыларымыз белсенділігі үшін марапатталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен, аналарымыздың көз жасы, аталарымыздың қанымен келген «Тәуелсіздігімізді» тағы бір жаңғыртқан бұл патриоттық әндер байқауы барша көрермен мен қатысушыларымызға керемет көңіл – күй сыйлады. Тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз тұғырлы болсын! Мереке құтты болсын!

 

 

 

 

 

Аға тәлімгер:                     Байқұмар Р.

Жаңартылған күні: 28.12.2020 10:45
Құрылған күні: 28.12.2020 10:45

Текст