Сазды бұлақ орта мектебінің
«Тілдер онкүндігіне орай өткізілетін
іс-шаралар есебі
2021-2022 оқу жылы
Сазды бұлақ орта мектебінде жоспар бойынша 6-қыркүйектен 16-қыркүйектің арасында онкүндік іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді.
Алтыншы қыркүйек күні «Ана тілі- халықтың рухани байлығы» атты ашылу салтанаты болды. Мұнда қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Бодан Аскергул тіл туралы баяндама оқыды. «Қымбат маған ана тілім-бал тілім» демекші оқушыларымыз қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінен өлеңдерді нақышына келтіріп 1-11 сынып арасында орындады. Сонымен қатар бейнероликтер көрсетіліп. Бұл бейнероликте тіл туралы біраз ақпараттар көрсетіліп, қандай ой-тұжырым түйгендерін ортаға салып баяндады. 1-сынып оқушылары Бекеш Мұрагер, Даргерхан Нұрсұлтан, Муратхан Нұрай сынды оқушыларымыз «Ана тілі» атты әндерін айтып, көрермендер жақсы көңіл күй сыйлады.
Мектебіміздің кітапханашысы Байқұмар Роза қыркүйектің жетісі күні «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты кітап көрмесін оқушыларға таныстырып, балаға керек құндылықтарды айтып оқушылардың бойына ерекше тебіреністі оята отырып, жақсы ой сала білді.
«Тіл тірегіміз соғып тұрар жүрегіміз» атты 1-11 сыныптарда сынып жетекшілері жауаптанып өз сыныптарына сынып сағаттарын өткізді.
«Туған өлке» сурет салу байқауда апта бойыншада болды, мұнда оқушыларымыз өздерінің туған өлкелерін сызып, әртүрлі әдемі бояулармен боялған суреттерін сызып тапсырды. Сурет салған оқушыларымызды атап айтсақ, Садвакасов Тахир 8-сынып, Асқаров Асқар 7-сынып, Асқаров Айдос 3-сынып, Сейтмұрат Нұрислам 5-сынып, Мұратхан Әділ 7-сынып сияқты оқушыларымыз қатысты.
Қыркүйек айының он үші күні «Біз бақытты баламыз» атты тренингті мектебіміздің психолог маманы Сағит О.Д 2-4 сыныптар арасында өткізді. «Тілім барда айтар сөз ойдағы» байқау апта бойында 5-11 сыныптар арасында өткізілді.
Қыркүйектің он күні «Ел тағдыры-тіл тағдыры» атты сыныптан тыс сайыстар 5-8 сыныптар арасында өткізілді.
Екі топқа бөлініп оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсете білді. «Ана тілі» мен «Болашақ» тобы болып бөлінді. Бұл сайыс 6-кезеңнен тұрады.
1. Топтарын таныстыру
2. Білгенге маржан
3. Кім жылдам
4. «Ана тілің арың бұл» тіл туралы мәнерлеп оқу
5. Кім тапқыр
6. Ребус шешу
Бұл сайыста «Ана тілі» тобы өзінің білгірлігімен өз өнерлерінің арқасында жеңіске жетті.
Қыркүйек айының он төрті күні «Тіл халықтың тілі» атты ашық сабақ тәрбие сабағы Хошмах Күміс 4-сынып оқушыларынада өткізді. Қыркүйек айының он бесі күні ағылшын тілі мұғалімі Теңсел Сандуғаш 5 сыныптар арасында ойын сабағын өткізіп, әр түрлі қызықты тапсырмалар беріп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята білді.
Қыркүйек айының он үші күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Зайнулинов А.А 5-9сыныптар аралығында «Своя игра» деп аталатын интелектуалды сыныптан тыс сабақ өткізді. Бұл сайыста да қызықты және логикалық тапсырмалар берілді, оқушыларда қызықты тапсырмаларды белсенді, күш-жігерімен қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Шағын орталықта тіл апталығында да өздерінің жатаған тақпақтары мен әндерін, мақал-мәтелдерін айтты.
«Тіл бірлігі-ел бірлігі» онкүндіктің жабылу салтанатында өз білімдері мен өнерлерін көрсеткені үшін оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Тіл мұғалімдері Бодан Аскергул, Теңсел Сандуғаш, Зайнуллинова А.Н оқушылардың осындай белсенділіктерін бағалап ізгі тілектерін айтты.