"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тілдер фестиваліне» орай өткізілген іс-шара

«Тілдер фестиваліне» орай өткізілген іс-шара есебі

 

Қыркүйектің 16-сы күні 5 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен «Ағылшынша жазайық, оқиық!» атты ойын сабақ өткізілді. Оқушыларды  бағалау ретінде «Білім сатысы» қолданылды.

Сабақтың мақстаы: Оқушылардың білімін ойын арқылы дәлелдеу.

Сабақты кезеңдері:

  1. Карта (map)
  2. Дұрыс жаз (Write right)
  3. Шашу (Strew)
  4. Сен болжай аласыңба? (Can you guess?)
  5. 30 секунд (30 second)

Карта  (map)

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын анықтау

Шарты: Мұғалім бөлмеге картаның бағыттарын тығып қояды. Картаның негізгі нұсқаулығы (бірінші қай жерден іздеу керектігі туралы)  топ басшысына беріледі. Топ ақылдаса отырып, нұсқаудағы берілген жерді табу керек және табылған сөзді үш тілде айту керек.

Дұрыс жаз (Write right)

Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту

Шарты: тақтаға  сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әрпіне сөзді көп тауып жазса, сол  жеңіске жетеді.

Мысалы: swim – son, well, ill, mother

 Шашу (Strew)

Мақсаты: есте сақтау қабілетін тексеру

Шарты: сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы тиіс.

Computer – reputcom

Flower – erowlf

Pencil - neplic

Сен болжай аласыңба? (Can you guess?)

Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін текcеру және дамыту

Шарты: оқушыларға  атақты мультфилм немесе жан-жануарлардың портретін жасырып, сол туралы сипаттама беру.

30 секунд (30 second)

Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту.

Шарты: бір ойыншы  сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса, ойыннан шығады.

Қорытынды: Ойын сабаққа барлығы 5 оқушы қатысты. Барлық оқушылар өте белсенді қатысып, өз білімдерін дәлелдеді. Сабақ соңында «Білім шыңына» жеткен оқушылар марапатталды.

 

 

Пән мұғалімі:  Теңсел С.

 

Жаңартылған күні: 25.09.2021 09:49
Құрылған күні: 25.09.2021 09:49

Текст