"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандық таңдау» бойынша 11-сынып оқушыларымен өткізілген кездесу

18.05.2020

«Мамандық таңдау» бойынша

11-сынып оқушыларымен өткізілген кездесудің

ЕСЕБІ

28.09.2020 ж. мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау» бойынша кездесу іс – шарасы өткізілді.

Мақсаты: оқушыларға таңдап отырған болашақ мамандықтары туралы бағыт – бағдар бере отырып, кеңес беру.

Қатысқан оқушылар саны: 5.

Қатысқан мұғалімдер: 7 (пән мұғалімдері)

Күн тәртібінде:

  1. Сынып жетекшісі – Зайнулинов Н.К. оқушылардың таңдап отырған пәндері мен мамандықтар туралы мәлімет берді.

Маулетхан Ақжол – биология – химия (мамандық белгісіз);

Бердхан Дана – Д.тарих – құқық (мұғалім);

Сейіл Елнұр – биология – химия (стоматолог);

Тлейхан Жансұлтан – физика (жылу энергетикасы);

Аманжол Бақытжан – география – математика (мұғалім).

  1. Оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі – Тилеухан С. ҰБТ-ның жаңа форматымен және мамандық таңдау үшін бағыт – бағдар берді.
  2. Педагог – психолог Сағит О.Д. оқушылардан «Қызығушылық картасы» алынды.   

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтау.  

«Сезім» тренингі.

Мақсаты: оқушылардың алдарына қойған мақсаттарына жетуде сенімділіктерін арттыру.

Нұсқау: оқушыларға түймедақ гүлдері таратылып беріледі. Оқушыларға арман – мақсаттарын жазу тапсырылады. Кейін оны арнайы дайындалған су құйылған ыдысқа салу тапсырылады.

Психолог: «Егер суға тастаған гүлдеріңіз ашылса, арман – мақсаттарыңыз орындылады. Суға салыңыздар!»

Талдау:

  1. Гүлді суға тастағанда қандай сезімде болдыңыздар?
  2. Өздерің алға қойған мақсатқа жету жолында қандай қарекет етіп жатырсыздар?

Одан кейін оқушылардан «Оқушы көзімен», «Мектепке, мұғалімдерге, пәндерге қатынасын зерттеу картасы» (О, Иллей) алынды.

Мақсаты: оқушылардың мектепті қабылдаудағы көңіл –күйін, кітаптарға көзқарасын, пәнді оқыту сапасының қанағаттандыруы, мұғалімдердің оқушылармен қарым – қатынасының қанағаттандыруын анықтау.   

Қорытынды. Мамандық таңдау – болашаққа бастау. Бүгінгі таңдап отырған мамандықтарыңыз қоғамымыздың ертеңі. Көзді ашып – жұмғанша, қас қағым сәтте мектеп қабырғасынан ұшып, өз болашақтарыңызға қадам басқалы отырсыздар! Сондықтан, бар мүмкіндіктеріңізбен  қалған уақыттарыңызды тиімді пайдаланып, алға қойған мақсаттарыңызда нәтижеге жете біліңіздер. Біздікі бағыт – бағдар беру, ал болашақ сіздердікі. Сәттілік серік болсын!

 

 

 

 

 

 

Педагог – психолог:                         Сағит О.Д.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.05.2020 17:45
Құрылған күні: 18.05.2020 17:45

Текст