"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыруы

Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру

 

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- қызмет көрсетудің жаңа озық формаларын дамыту және тамақтану мәдениетін жоғарылату;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Тамақтандыруды ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Минск орта мектебіндегі білім алушылар саны- 53. Оның ішінде аз қамтылған отбасы балалары саны 5. Бастауыш сыныпта оқитын білім алушылар саны 22 толық ыстық тамақпен қамтылған. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. 1-5 сыныптар асханаға үшінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтанса, 6-11 сыныптар асханаға төртінші сабақтан кейін 15 минуттық үзілісте тамақтануға барады.

Минск орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы асханадағы

мұғалімдердің кезекшілік кестесі.

 

 

Уақыты

Кезекшінің аты – жөні

 

Жауапты

1

Дүйсенбі

Сағит О.Д.

Сағит О.

2

Сейсенбі

Зайнулинов Н.К.

Зайнулинов Н.К.

3

Сәрсенбі

Хавил Г.

Тилеухан С.

4

Бейсенбі

Буланбай Т.

Хадыр М.

5

Жұма

Байқұмар Р.

ХажатМ.

6

Сенбі

Хошмах К.

Бекболат А.

 

Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі; мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары: оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізілген.

Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр: тамақтану үшін сабақ арасындағы үзілістерді ұйымдастыру,  биология және технология пәндері бойынша оқу бағдарламаларының жоспарына тамақтану мәдениеті туралы сауалдарды қосу және т.б. Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі: сурет байқаулары, сыныптарда денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 30 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын ғимарат жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде ҚТ бойынша нұсқамалар жүргізіледі. Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді.

Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен әр алуан шырындар сатылады. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті біздің аспаздар оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру жүйесінің міндеттері келесідей:

- оқушыларды толық ыстық тамақпен қамтамасыз ету;

- тағамның нәрлілігі мен үйлесімділігін қадағалау;

- оқушылара салауатты өмір салты ұстанымдарын үйрету;

- жағымды дағдыларды қалыптастырып, салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру;

- тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру;

Аталмыш міндеттердің шешімін табу үшін бірқатар қызметкерлер жұмылдырылған, олар ең алдымен асхана жұмыскерлері болып табылады.

                                                                               

 

 

Жаңартылған күні: 20.05.2019 22:00
Құрылған күні: 20.05.2019 22:00

Текст