"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тест «Қызығушылық картасы»

18.05.2020

Тест «Қызығушылық картасы» (15 мин)

Мақсаты: Ең басты қызығушылығыңды анықтау.

Нұсқау: Қатынасушыларға ең басты қызығушылығын анықтайтын сұрақтары бар сауалнама беріледі. Оның бланка түрінде, компьютерлік нұсқасы бар сауалнамасын немесе қысқартылған нұсқасы «Профиль» – ді пайдалануға болады. (А.Голомшоктың жаңартылған әдістегі «Қызығушылық картасы»).

Бұл сұрақтар қызметтің әртүрлі бағыттарына байланысты. Сұрақты тыңдаңыз да, сіздің тілегіңізге сәйкес сұрақ болса, сұрақтың қасындағы нөмірге «+». Ал егер ұнамаса, онда « – » белгісін қойыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

  1. Физика мен математика саласындағы жаңалықтарды білу
  2. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы бағдарламаны көру
  3. Электр құралдарының құрылысын анықтау
  4. Ғылыми – көпшілік техникалық журналдарды оқу
  5. Әр елдің адамдарының өмірлері туралы бағдарламаны қарау
  6. Көрмелерге, концерттер мен спектакльдерге бару
  7. Елдер мен шет елдерде болып жатқан оқиғаларды талқылау және талдау
  8. Дәрігер мен медбикенің жұмыстарын бақылау
  9. Үйде, сыныпта, мектепте тазалық сақтау және әсемдеу
  10. Соғыс туралы кітаптар және фиьлмдер көру
  11. Математикалық есептер шығару
  12. Химия мен биология саласындағы жаңалықтардың ашылуы туралы
  13. Үй электр құралдарын оңдау
  14. Техникалық көрмелерге бару, ғылым мен техниканың жетістіктерімен танысу
  15. Саяхаттарға шығу, жаңа белгісіз жерлерге бару
  16. Кітаптар, фильмдер, концерттер туралы жазылған мақалаларды оқу
  17. Мектеп пен қаланың қоғамдық өмірлеріне араласу
  18. Сыныптастарыма сабақты түсіндіру
  19. Шығармашылық жұмыстарын өз бетімен орындау
  20. Күн тәртібін сақтау, салауатты өмір сүру
  21. Физикадан тәжірибе жасау
  22. Жануарлар мен өсімдіктерді күту
  23. Электроника мен радиотехника туралы мақалаларды оқу
  24. Сағаттарды, құлыптарды, велосипедтерді жинау және оңдау
  25. Минералдар мен тастарды жинақтау
  26. Күнделік жүргізу, өлеңдер мен әңгімелер жазу
  27. Атақты саясаткерлердің өмірбаяны мен тарихи кітаптарды оқу
  28. Балалармен ойнау, оларға сабақ жасауға көмектесу
  29. Үйге тамақтар алу, шығынды есептеу
  30. Әскери ойындар мен саясаттарға қатынасу
  31. Мектеп бағдарламасынан тыс физика мен математика пәнімен айналасу
  32. Табиғи көріністерді байқау және түсіндіру
  33. Компьютерлерді жинақтаужәне жөндеу
  34. Сызбаларды, кескіндерді сызу, әсіресе компьютерде орындау
  35. Географиялық , геологиялық экспедицияларға қатынасу
  36. Оқыған кітаптарым, көрген фильм мен спектаклдерім туралы достарыма әңгімелеу
  37. Елдегі және шет елдегі саяси өмірді бақылау
  38. Егер ауырып қалса, кішкентай баллармен ағайындарды күту
  39. Ақша табудың жолдарын іздеу және табу
  40. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу
  41. Физика – математикалық олимпиадаларға қатынасу
  42. Химия мен биологиядан зертханалық тәжірибе жасау
  43. Электр құралдарының құрылысын түсіну
  44. Әр түрлі механизмдердің жұмыс дағдыларын үйрену, түсіну
  45. Географиялық және геологиялық карталарды оқу
  46. Концерттер мен спектакльдерге қатынасу
  47. Басқа елдердің саясаты мен экономикасын зерттеу
  48. Адамдардың қылықтары мен адам ағзасының құрылысын зерттеу
  49. Тапқан табысымыды үй жинағына қосу
  50. Спорттық жарыстарға қатынасу

Нәтижесін қорыту. Бланкіде 10 баған – 10 бағыттың мүмкіндігі:

1 – физика мен математика; 2 – химия мен биология; 3 – радиотехника мен электроника; 4 – механика мен құрылым; 5 – география мен геология; 6 – әдебиет пен өнер; 7 – тарих пен саясат; 8 – педагогика мен медицина; 9 – кәсіпкерлік пен үй шаруашылығы; 10 – спорт пен әскери іс.

Әр бағандағы «+» белгісін санаңыз. «+» белгісі қанша көп болса, бұл салаға қызығушылық та сонша. Бес бал бір пәнге немесе осы бағытқа деген анық қызығушылығыңызды білдіреді. Бұл қажетті, дегенмен мамандықты дұрыс таңдадым деген сөз емес.

Ең басты шарт – бейімділігіңіз немесе кәсіби шеберлігіңіз маңызды қасиет. Егер әр бағандағы ұпайың үштен аспаса, онда кәсіби қызығушылығыңыз нашар деген сөз. Бір бұл әдістің қорытындысы бойынша мамандық таңдадым деуге әрине болмайды,бірақ қабілетіңізбен бейімділігіңізді байқадыңыз.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.05.2020 17:42
Құрылған күні: 18.05.2020 17:42

Текст