11.10.2024
10-қазан күні мектебімізде “Қарттар күні” айлық жоспарына сәйкес “Қарттарын ардақтаған ел ардақты” мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Оқушылар ата-әжелеріне арнап жыр шумақтарын, әсем әндерін шырқады. Мерекелік концерттің соңында ауылдың үлкен қариясы бата берді.