"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бастауыш/негізгі орта білім беру» стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәжілісінің хаттамасы

25.11.2024

«Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бастауыш/негізгі орта білім беру» стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мәжілісінің

хаттамасы

Күні: 25.10.23 ж.

Қатысқан педагогтар саны: 16

Күн тәртібінде:

  1.  «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бастауыш/негізгі орта білім беру» стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар».

 

Тыңдалды:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хадыр М.: «ҚР-ның оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин ұлттық білім академиясы ұсынған «Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бастауыш/негізгі орта білім беру» стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар» туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Құрылымы, құндылықтар, қолданысы мен нормаларды нақтылау кезеңдеріне толық түсіндірме жасады.Стандарттардың қолдану салаларына өзгеріс ретінде «Педагогтердің біліктілігін арттыру. Педагогтерді аттесттау» бөлімдері қосылғанын көруге болады. Бастауыш білім берудің базалық құндылықтары мен негізгі орта білім берудің базалық құндылықтарындағы өзгерістері туралы айтылды.

Сөйледі:

Оқу ісінің меңгерушісі Тилеухан С. «Әлеуметтік GPA идеясы да қызығушылық тудырады. Бұл оқу үлгерімін ғана емес, сонымен қатар оқушының әлеуметтік процестерге қатысуын көрсете алатын жаңа тәсіл».
Тарих пәнінің мұғалімі Которина А.Ш.  «Стандартты енгізу барысында мұғалімдердің, ата-аналардың және оқушылардың өздерінің пікірлері ескерілгені маңызды. Бұл өзгерістерді мүмкіндігінше тиімді және мағыналы ете алатын, бұл  білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы диалог.
Шешім:
  1. Заман талабына сай білім саласында бұндай өзгерістер қажет деп санаймыз. Алдағы уақытта бұл мәселені көпшілік қауыммен бірге талқылайтын боламыз.

 

 

 

                        Төраймы:            мектеп директоры м.а. Сағит О.Д.

  •  

 

 

 

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст