Саздабұлақ ЖОББ мектебіндегі Тәуелсіздіктің 30 дығына орай өткізілген көңілді мәре сайыстын
есебі
06 желтоқсан 2021 жыл
Саздабұлақ ЖОББ мектебіндегі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай желтоқсан айының 06 сі күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Буланбай Табиғат 5 - 11 «А» сыныбына «Көңілді мәре» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 10, қатысқан мұғалімдер саны – 16.
Сайыс сабақтың мақсаты – Оқушыларды шапшандыққа, күштілікке, дәлдікке баулу
Денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету,салауатты өмір салтына,әдемілікке тәрбиелеу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшандылық қабілеттерін дамыту.
Сайыс сабақты әділқазыларды сайлау кезеңімен бастады. Оқушылар екі топқа бөлініп, өз топтарының аттары мен ұрандарын айтты.
«Ұжымдастыру әдісі» ойынды жандандыру үшін қолданылды. Оқушыларға сайыс кезеңдері атауы, ойын шарттары және де бағалау жүйесі айтылып өтті.
Оқушылар өз ойларын нақтылу үшін және психологиялық, физикалық тұрғыдан кез – келген сайысқа дайын болу үшін осындай ойын түрлері қолданылды.
Сайыс сабақ мәресіне жетіп, әділқазылар алқасы өздерінің оң шешімін, бағалауымен ІІ орынды «Қыран» тобы,ал І орынды Бірлік тобы иеленді. Сайысқа қатысушылар әр түрлі сйлықтармен және мадақтамамен марапатталды.
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Бұланбай Т.