"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты мектепішілік дебат турнир

13.12.2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай

«Тәуелсіздік жетістіктері» атты мектепішілік дебат турнирінің есебі.

2021 – 2022 оқу жылы

 

9-желтоқсан күні «Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-інде «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өтті.

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Дебат турниріне 5-11 сынып оқушыларынан  6 команда қатысты:

Топ атауы

Құрамы

1

«Парасат» тобы

Бердхан А., Аманбаева З.

2

 «Руханият» тобы

Серікбол А., Сейіл А.

3

«Рақмет келесі» тобы

Хуанишбек Ш., Айдолда О.

4

«KZ.Minskoe» тобы

Әбдіразақ Б., Хуандаг А.

5

«SNICKERS» тобы

Муратбек Ш., Серікбол М.

6

«Диаграмма» тобы

Бердхан Ә., Бекеш С.

 

Дебат ойыны Американдық парламенттік (АП) форматта өтті. Позиция «Үкімет» және «Оппозиция» болды. Қарар ретінде ұлт менталитеті қоғамға кері әсері, аралас жекпе-жекке тыйым салу, ғаламтор кітапты алмастыра алады, жасөспірімдердің қылмыс жасауы, телебағдарламалар жас ұрпақтың адамгершілігін бұзуы, барлық адамдар вегетериандар болуы керек деген сынды тақырыптар ұсынылды.

Оқушылар дебат ойынына белсенді ат саылысты. Барлық тақырыптар толығымен талқыланып, әр позиция мүшелері өз пікірелерін анық әрі сенімді түрде қорғап шықты.

Жеңімпаз және белсенді қатысқан командалар марапатталды. Әділқазылардың ортақ шешімі бойынша 1 орын «SNICKERS», 2 орын «Парасат» тобы, 3 орын  «Руханият» тобы иеленді.

 

Дебат клубының жетекшісі:       Сағит О.Д.

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст