Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген «Ауғанстан – жүректегі жара» атты ашылу салтанатының ЕСЕБІ
2018 – 2019 оқу жылы
15.01.19ж. күні мектебімізде «Ауған соғысына (1979-1989ж) 30 жыл толуына орай «Ауғанстан – жүректегі жара» атты тақырыпта 5-11 – сынып оқушылары мен ұстаздардың қатысуымен айлық іс – шарасының ашылу салтанатты болды.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Зайнулинов Н.К. «ауған соғысы» туралы дайындаған «Ауғанның отты жалыны» атты баяндамасымен танысытырып, толық мәліметті тыңдаушы қауымға ұсынды. Баяндамадан кейін оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сан алуан сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мектебіміздің кітапханашысы Хавил Г. «Ауған соғысындағы біздің жауынгерлердің тағдыры» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдасырытырды.
Сонымен қатар, «Ауған соғысы» бейнематериалы интербелсенді тақтадан көрсетілді. Бұл бейнематериалда «ауған соғысында» ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерен еңбектері мен ерліктері туралы айқын да анық түсірілген.
Оқушыларымыз 5 – сынып оқушысы Бекеш С. «Ереуіл атқа ер салмай», 4-сынып оқушысы Асқаров А. «Сапқа тұр» әнімен бүгінгі жиынды аяқтадық.
Ауған соғысы – бұл бір сұрапыл кезең еді. Қаншама боздақтарымыз қан майданда от кешіп, елін, жерін, Отанын қорғаған азаматтарымызды ешқашан ұмытпақ емеспіз. Бұл іс – шараның өскелең жас ұрпаққа берер тәлімі мен тәрбиесі мол болғаны анық.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімі: Зайнулинов Н.К.