Текст
Минск мектебінде 21.03.2019 ж. наурыз мейрамын тойлау басталып кетті. Мереке қарсаңында Қыдыр ата ақ батасын берді. Биылғы жылы ерекше атап өтетін күйшілер “Жастар” атты күйімен сусындатса, жас бишілер билерімен қыздыра түсті. Жастар жағы қол күресіп, кір тасын көтеріп, арқан тартысты. Кең дастарханнан көпшілік дәм татып, көже ішті. Біздегі наурыз осылай басталды.