"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Минск орта мектебінің 1А сыныбында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының есебі. 2018-2019 оқу жылы

29.04.2019

Минск орта мектебінің 1А сыныбында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының есебі.

2018-2019 оқу жылы

    Минск орта мектебінің 1А сыныбында «Құстар біздің досымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Құстар туралы тереңірек мағлұмат беру, алған ақпараты бойынша тапсырмалар орындауға дағдыландыру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу, құстардың адамның досы екендігіне көздерін жеткізу.

Сабақ,  құстар туралы психологиялық ахуалмен  және құстардың сайраған дыбысын тыңдаумен басталды. Осылайша сабақтың тақырыбы ашылды. Сынып : Қарлығаш, Көгершін, Аққу болып үш топқа бөлінді. Әр топ өздеріне берілген атау бойынша қысқаша мәлімет беріп өтті.

«Білім ленд» сайтынан алынған құстар туралы бейнежазба тамашаланып, оқушылар алынған мәлімет бойынша «IMektep» бағдарламасынан алынған «Дұрыс – дұрыс емес» тапсырмаларын орындады.

Сонымен қатар оқушылар құстар туралы жаттаған жыр шумақтарын ұсынды. Оқушылардың білімін толықтыру мақсатында «Білім ленд» сайтынан «Тауық пен балапан» бейнежазбасы ұсынылып, қарапайым қасымызда тіршілік етіп жүрген тауықтың адамға берер пайдасы мол екендігін талдап, әр оқушы өз ойларын ортаға салды.

Келесі кезекте топтық жұмыс орындалды. Топтық жұмыста: «Қарлығаш» тобына құстарға жемшашар дайындау тапсырылса, «Аққу» тобына пазл арқылы құстың бейнесін құрастыру , «Көгершін» тобына үй құстары мен жабайы құстарды топтастыру тапсырылды.

Оқушылар топтық жұмысты  аса қызығушылықпен орындап шықты. Өздері жасаған жұмыстарын әр топ жеке-жеке қорғады.

Сабақ соңында хормен «Көктем келді» әнін орындап берді.

Қорытынды бөлімде : «Құстар біздің досымыз. Сондықтан біз оларға әрдайым қамқор болуымыз керек» деген түйінді ой айтты.

 

 

Сынып жетекшісі: Хошмах К

Просмотров: 1020


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст