Минск орта мектебіндегі ағылшын тілі пәні мұғалімінің
ашық сабақ есебі
14 ақпан 2018 жыл
Минск орта мектебінде ақпан айының 14-і күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Теңсел Сандуғаш 1а сыныбына «ABC
review» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 6, қатысқан
мұғалімдер саны – 16.
Ашық сабақтың мақсаты - Өз ойларын еркін айтуға үйретуге қол жеткізу,сөйлеу қабілеттерін арттыру, шетелдік тілге деген қызығушылықтарын, ағылшын тілінде тыңдап - түсіну мен әңгімелесу іскерліктерін дамыту. Сабақты ұйымдастыру кезеңімен бастады. Психологиялық ахуал туғызу мақсатында барлық оқушылар ортаға шеңбер құрып, бір-бірінің атын ағылшынша сұрады. Содан 2 топқа түстер арқылы бөлінді. «Түрткі болу әдісін» тақырыпты ашу үшін қолданды. Оқушыларға әріптер көрсетілді, оқушылар атап, тақтаға жазып көрсетті. Ойларын нақтылау үшін
интербелсенді тақтада сөздер берілді, оқушылар кезек-кезекпен оқып шықты. Өткен тақырыптардағы сөздерді
еске түсіру үшін екі топқа суреттер беріліп, екі топ бір-бірінен сөздерді ағылшынша сұрады. Дәптермен жұмыс уақытылы орындалды. Оқушылар суреттер мен әріптерді сәйкестендіріп, постер арқылы қорғады. Кері байланыс ретінде «ABC» әнін орындады. Әр тапсырмадан соң мұғалім оқушыларды смайликтермен бағалап отырды. Сабақ соңында «Good-by» әнімен ашық сабақты аяқтады.
Оқу-тәрбие ісі меңгерушісі Тилеухан С.