Минск орта мектебінде
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен
Шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндігі аясында 10а сынып оқушыларымен «Өнеге отбасынан» атты тақырыбында өткізілген ашық сабақтың
ЕСЕБІ
2017 – 2018 оқу жылы
12.02.2018ж. күні 10а сыныбында
Өзін – өзі тану пәнінің онкүндігі аясында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың
тақырыбы: «Өнеге отбасынан».
Сабақтың мақсаты: «Отбасы» туралы ұғымын және «отбасы құндылығы» туралы
түсініктерін кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге
үйрету. Аталмыш тақырыптың көрнекіліктері
ретінде «Отбасы» фотокөрмесі, нақыл сөздер, стикерлер, бейнесөз және бейнематериалдар, т.б. қолданылды.
Сабақ шаттық шеңберіне тұрып, М.Дулатұлының «Шешенің балаларын сүюі» өлеңін оқумен басталды. Одан кейін оқушылардан үй тапсырмасы сұралды. Оқушылар Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы мен өздері дайындап
келген слайд-шоумен таныстырды. Үй жұмысынан кейін оқушылар жаңа тақырыппен таныс болды. Жаңа сабақты түсіндіру барысында «Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?, Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар?, Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе?» деген сұрақтар талқыланды. Сабаққа арнайы дайындалған «Бақытты отбасының үлгісі» деген бейнематериалды көріп, өздерінің ой – пікірлерін ортаға салды. Одан кейін оқушылар бейнесөзді шешу арқылы шығатын дәйекөздің мағынасын талқылады. Оқушылар шығармашылық жұмыс жасады. Яғни, ата – аналарының және өздерінің бойындағы құнды қасиеттерін атап жазды. Сонымен
қатар, оқушылар М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді қойды («Автор: Маулетхан Ақжол, әкесі: Сейіл Елнұр, анасы: Аманбаева Гүлден тәуіп: Тлейхан Жансұлтан, жылқышы: Аманжол Бақытжан, аққу: Бердхан Дана»). Сахналау қатысқан оқушылар қойылымында болған әсерлерімен
бөлісіті. Қойылымнан кейін оқушылар бүгінгі сабақта алған әсерлерін «Өнер жұлдыздары» (домбыра, қобыз, гитара) деп аталатын кері байланыс арқылы жеткізді. Үйге тапсырма реніде оқушыларға «Өнеге отбасынан» деген тақырыпта презентация жасап келу тапсырамасы берілді. Одан кейін, бүгінгі сабақты басынан аяғынан дейінгі болған іс – әрекеттерді естерінде сақтап қалулары үшін, «Нұрға бөлену» тыныштық сәті болды. Мұғалім оқушыларды барысында қолдау, мақтау – мадақтау сөздерімен бағалаумен қатар, «мұғалімнің сыйлығы» ретінде тәттілермен де бағалады. Сабақ соңында оқушылар жүректен жүрекке айдары бойынша «Әкелер» әнін топ болып орындады. Сабақ өте қызықты және мағыналы болды.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Сағит Оразкүл