"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне орай «Өзімшілдік пен көпшілдік » ашық сабақ

10.02.2018

Минск орта мектебінің 4А

сыныбында «Махаббат пен шығармашылық»

тақырыбындағы өзін-өзі тану пәнінің  онкүндігіне орай «Өзімшілдік пен көпшілдік »  тақырыбында

өткізілген ашық сабақтың есебі.

2017-2018 оқу жылы

       Бүгін, яғни 09.02.2018ж күні 4А сыныбында Өзін-өзі тану пәнінің  онкүндігіне орай ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Өзімшілдік пен көпшілдік» деп аталды. Аталмыш тақырыптың мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту. Сабақ «Амандасу»

деп аталатын шаттық шеңберімен басталды.Шаттық шеңберінде оқушылар берілген өлең жолдарын оқи отырып, сабаққа келген қонақтармен амандасты. Оқушылардың, келген қонақтардың көңіл-күйін көтеру мақсатында Асылбек Енсеповтың «Нұр шашу» күйі тыңдалды. Кейін оқушылар күйден алған әсерімен бөлісті. Мысалы: Бердхан Ә есімді оқушы «Мен бұл күйден ерекше әсер алдым. Бұл күй «қазақ» деп күмбірлеп тұр. Маған өте ұнады!»

деп жазған екен. Үй тапсырмасын тексеру кезеңінде өткен тақырып бойынша данышпан атаның ақыл кеңесін білдіретін түйіндеме сөздердің жалғасы табу ұсынылды.Бұл тапсырманы оқушылар жақсы орындап шықты. Интербелсенді тақтада берілген жаңа ақпаратқа назар аударылды. Жаңа ақпарат Өзін-өзі тану пәнінің негізін салушы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы еді. Оқушылардың бұрынғы алған ақпараттарымен санаса отырып, жаңа ақпаратпен толықтырылды. Осыдан кейін оқулықтағы мәтінмен жұмыс жүргізілді. Оқылған мәтін мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы талдау жасалды. Қызғаныштың кесірінен қыздардың дұрыс ойнай алмай қалғандығы ашылып айтылды. Осы мәтіннің негізінде оқулықта берілген Абай Құнанбаев атамыздың «Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дәйексөзі талданды. «Мұғалімнің сыйлығы» деп аталатын бөлімде «Өзімшіл Көксарай» атты мультфильм қаралды. Мультфильм мазмұны «Көксарайдың әрекеттері туралы не дейсіңдер?» т.б сұрақтар төңірегінде ашылды.Оқушылар тақырып мазмұнын мультфильммен байланыстыра алды. Сабақты қорытындылау мақсатында өткізілген топтық жұмыста оқушылар өзімшілдікке , көпшілдікке тән қасиеттерді сараптап, күннің көзі мен бұлт салынған   плакаттарға орналастырды. Сабақ топпен «Балдырған әні» атты әнді орындаумен қорытындыланды. Сабақтың соңы жүректен жүрекке бөлімін жүзеге асыру үшін Ғажайып қорапты жылы сөздер мен тілектерге толтыру ұсынылды. Ондағы жазылған тілектер мен ойлар сабақтың жақсы өткенін, оқушылардың тақырыпты ойдағыдай түсінгендігін білдіреді. Үйге «Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында ойтолғау жазып келу тапсырылды. Оқушылар сабақ бойында смайликпен және қошемет, қолдау, мақтау - мадақтау сөздермен бағаланып отырылды.

 

 

Просмотров: 816


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст