Минск орта мектебінде өзін – өзі тану пәнінен өткізілген
ашық сабақтың талдамасы
Ақпан айының 4-і
2017 – 2018 оқу жылы
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігі аясында ақпан айының 8-і күні 3а сыныбында ашық сабақ
өткізілді. Сыныпта барлығы 4 оқушы. Қатысқан мұғалімдер саны: 4.
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді».
Мақсаты: өнердің адам өміріндегі
маңыздылығын түсіндіру, өнерге қызығушылыққа,
сүйіспеншілікке баулу.
Ең бірінші, сабаққа атмосфералық ахуал қалыптастыру үшін шеңбер құрып,
сабақта қолданылатын ержемен таныстырды. Одан кейін оқушылардан үй тапсырмасы
сұралды. Тақырыпты аша түсу үшін, «Өнер» сөзін оқушылар жеке-жеке шығып
топтастырды. Оқушылармен дәптермен және оқулықпен жұмыстар болды. К.
Сегізбайдың «Құмға салынған сурет» әңгімесін талдады.
Оқушылар 2 топқа бөлініп, қазақтың ұлы суретшісі Ә.Қастеев туралы топтық
жұмыстар жасады. Сергіту сәтінде интербелсенді тақта арқылы оқушылар барлығы
«Өнер» өлеңін қол қимылдары арқылы жасады.
Сабақтың соңында оқушылар топпен ән шырқады. Үйге тапсырма: Ә.Қастеев
туралы мәлімет дайындау. Одан кейін кері байланыста «Кемені» бояу арқылы
өздерінің сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Мұғалімнің өз пікірі:
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі – Шынар Т. Менің сабағымның мақсаты - өнердің
адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өнерге қызығушылыққа,
сүйіспеншілікке баулу. Мен сол мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Дидактикалық
материалдарды ретімен қолдана білдім. Оқушылар сабаққа қызығушылықен және
белсенділікпен қатысып отырды.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Шынар Т.
.