Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және
Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанатының
ЕСЕБІ
2017 – 2018 оқу
жылы
01.02.2018 жылы Минск орта мектебінде Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Тақырыбы: Өзіңді тану – өмірді тану.
Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат,
бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адам қасиеті мен өзара
көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету
дағдыларын дамыта отыра рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс
қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік
қасиеттерін дамыту, өз – өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым –
қатынастарын қалыптастыру. Ашылу салтанатының жүргізушілері тарих пәнінің мұғалімі Ожай А. мен өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит О. болды. Мектебіміздің оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі
Тилеухан С. мен бастауыш сынып өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Хошмах К. онкүндіктің ашылу жиынын құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Осындай жақсы тілектер мен құттықтаулардан кейін апталығымыздың ашылуы көңілді әрі жарасымды басталуы үшін барлығы ортаға шығып «Көңілді күн» әніне бойларын қимыл – қозғалысқа келтіріп, жиын сергіту сәтімен басталды. Одан кейін Өзін – өзі тану рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, «Бөбек» қорының жетекшісі С. А. Назарбаеваның «сара жолы» бейнематериалына қысқаша шолу жасалып, арнайы дайындалған «Мейірім төгетін ана» атты таұырыпта Хавил Г. көрмемен таныстырды. Кештің шымылдырығы мектебіміздің бастауыш сынып бірлестіктерінің әдеби монтажымен басталды. 4б сынып тобынан құрылған «Звездочка» тобы «От улыбки» әнін орындады. 6 – сынып оқушысы Мұратбек Шұғыла Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып берді. Одан кейін мектебіміздің 10-сынып әнші жігіттері «Мама» әнін шырқады.
Ашылу салтанаты 3«а»-сынып оқушысы Сейілқызы Арайлымның, өзінің кішкентай ғана жүрек түкпірінен шыққан аяулы әні «Аяулы анашым» әнін шырқаумен аяқталды.
Салтанатты жиынды 3-сынып оқушылары «Атамекен» әнімен аяқтады. Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит О. барлық қатысушыларды «Жүректен жүрекке» әдісін өткізу үшін ортаға шақырып, ізгі лебіздерін білдіру арқылы тәмәмдады. Ашылу салтанаты қатысушылар мен көрермендерге өте жақсы көңіл күй сыйлады. Кешке қатысушылар белсенділік танытты. Өзін –өзі тану – адами құндылықтардың негізі болса, бүгінгі өткен кеш соның іргетасы іспетті болды. Бұл кеш 10 күн бойы өзінің жалғасын табады.
Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Сағит Оразкүл