«Болашаққа бағдар: рхани жаңғыр» аясында мектеп ұжымымен
өткізілген «Ұжымдағы микроклимат» атты психологиялық тренингтің
ЕСЕБІ
2017 – 2018 оқу жылы
22.01.18ж. күні мектеп ұжымымен «Ұжымдағы
микроклимат» атты тақырыпта психологиялық тренинг өткізілді.
Қатысқан мұғалімдер саны: 16
Қатыспағаны: 5
Тренингтің мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл – күйлерін көтеру,
шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым –
қатынас орната білу.
Тренингтің
барысы:
Мектеп
психологы тренингтің тақырыбын «Ұжымдағы микроклимат» деп алу себебін
түсіндірумен бастады. «Ұжымдағы микроклимат» деп алған себебім
«микроклимат» деген ұғымды біз, мұғалімдер, ұжымдағы психологиялық хал – ахуал
деп түсінеміз. Климат жағымды, жағымсыз түрде адамның өзіндік сезіміне әсер
етеді. Демек, климат туралы айтқан кезде ұжымның экологиялық мінез
психологиясын назарға аламыз. Климат сөзінің ауқымы кең. Ол тек ұжымның
психологиясын ғана қамтымайды, сонымен қатар адамның жағдайына әсер ететін жағдайларды,
ең негізгі – еңбекті ұйымдастыруды сипаттайды».
Тренингтің
құрылымы:
1. «Өз жұбыңды тап».
2. «Ең жақсы».
3. «Мен – үйде» және «Мен –
жұмыста».
4. Сергіту сәті «Жұмыр қылыш».
5. «Оның есесіне мен...»
№1. «Өз жұбыңды
тап» жаттығуы. Бұл жаттығуда тренингке қатысушылар шеңбер құрып, өздеріне
таратылып берілген парақта жазылған жануарларды өздерінің жұптарын сөйлемей,
дауыстамай, ым-ишарамен тауып алады. Бұл
тренинг өте қызықты, бір – бірімен қарым – қатынас жасауда оңтайлы болды.
№2. «Ең жақсы» ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай
нұсқау беріледі. Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет:
№ |
Ең ақшалы |
Ең жасыл |
Ең тәтті |
Ең күлкілі |
Ең ұсқынсыз |
Ең қарым-қатынасы күшті |
Ең жауапты |
Ең салмақты |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Екінші
тренингтен кейін, сергіту сәті (Жұмыр қылыш) жүргізілді.
№3. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы. (уақыт 5
минут)
Бұл тренингте парақты екі бөлікке бөледі,
бірінші жартысына «Мен үйде» деп, ал екінші жартысына «Мен жұмыста» деп жазады.
Осы екі бөлікке сол жердегі мінез – құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңызды
жазу керек. Осы тренингтен кейін талдау жасалады.
1.
Осы жағдайлардағы мінез – құлықтарыңыз бен жүріс – тұрыстарыңыздың
ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз.
2.
Қай бөлікті толтырған оңайға соқты? Қай бөлік көптеу болды?
3.
Не себепті айырмашылықтар болады?
4.
Бұл бөліктердегі жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неліктен?
Треиинтің соңында
«Оның есесіне мен...» жаттығуы жүргізілді.
Барлық қатысушыларға
аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз
ойымен аяқтайды.
1.
Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне...
2.
Мен шаршадым, оның есесіне...
3.
Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне...
4.
Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне...
5.
Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне... т.б.
Қорытындылай келе, бүгінгі тренингке қатысып. белсене ат
салысқандарыңыз үшін, өз шығармашылығыңды көрсетіп, білікті, білімдіктеріңіз
үшін алғыс айтамын! Рахмет! Сонымен қорытындылай келе, сіздерге еңбекте табыс
тілеймін! Негізі мұғалімді 3 топқа бөліп қарастырады:
1) жай мұғалім – айтады;
2) жақсы мұғалім – түсіндіреді;
3) ұлы мұғалім – шабыттандырады.
Соңында мектеп психологы «Логотерапияның» негізін салушылардың бірі
Франклдің канцлагерде өткізген өмірінен үзіндімен аяқтады.
Тренингтен кейін, мектеп ұжымынан зерттелінушіге
өздерінің ұйымдастырушылық қабілетінің сапасын бағалау үшін Л.П. Калининский
сауалнамасы ұсынылады. Бұл сауалнама 160 жаядаттар сапасын тұрады. Оның
әрқайсысын мұқият оқып, өзін – өзі бағалауы қажет екені түсіндіріледі.
Сауалнаманың құндылығы – жеке тұлғаныңкоммуникативті және ұйымдастырушылық
қабілеті, бағыттылығы, іскерлігі, қоршаған ортамен қарым – қатынаста үстем
болуға ұмтылуы, өзіне талап қоюы, талап етуге сенімділігі, қасарысушылығы,
көнгіштігі, тәуелділігі, психологиялық тактісі мен қайырымдылығы сияқты 10
маңызды сапасын өлшеуге мүмкіндігі бар. Әдістеме жеке тұлғаның жоғарғы
деңгейдегі дамуын, яғни олардың күшті жақтарын салыстырмалы түрде анықтауға
арналған.