"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қыздар сұлу көрінер қылығымен...

19.01.2018

16.01.2018ж. күні мектебімізде 6-11-сыныптар арасында мектепішілік

қыздар жиналысы өткізілді.

Қатысқан мұғалімдер: 3

Қатысқан оқушылар (қыздар): 9

Қатыспағаны: 1

Жиналыстың тақырыбы: «Қыздар сұлу

көрінер қылығымен...»

Мақсаты: Қыз балаларды әдептілікке, сыпайылыққа,

инабаттылыққа шынайылыққа, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу.

Жиналыстың барысы:

Мектеп психологының тақырыптың тұздығы

болатын алғысөзімен басталды. «Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып,

«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыздар жиналысын өткізгелі отырмыз.

Бүгінгі кешіміз пікірлесу, ой бөлісіп, көкейдегі сұрақтарымызға жауап алып, қыз

тәрбиесіне байланысты мағлұмат алу мақсатында ұйымдастырылды. Жалпы қыз бала

халықтың шырайы, болашақ ана, отбасының ұйытқысы болып табылады».  

Жиналысты бастамас

бұрын қазақтың мағынасы терең, тәрбиелілігі мол мақал – мәтелдеріне тоқталып

өтті (№1 слайд «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда», №2

слайд «Ұл ұяты әкеге, қыз ұяты шешеге», №3 слайд «Біреулер

бақытсыздыққа тағдырдың таяғымен барады. Біреулер өз аяғымен барады», №4

слайд «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю»).

Жиналысқа қатысып

отырған мұғалімдерге сұрақтар қойылды.

1.      Мектебіміздің

аға тәлімгері: Байқұмар Роза.

Ұстанымы: «Қыз өмірдің

қызғалдағы

Сұрақтар:

1.«Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсіндіресіз

 2.

Қазақ қыздары мен өзге ұлт қыздарының арасында айырмашылық бар деп ойлайсыз ба?

2. Қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бодан Аскергул

Ұстанымы: «Өмір қымбат

бәрінен».

Сұрақтар:

1.Қандай қыздарды жоғары

бағалайсыз?

2.«Қыз үміті қымбат»

деген ойды түйіндесеңіз –  деген

сұрақтарға жауап ала отырып, жиналысымыз одан әрі «Қазақ қызының 100 жылдық сән үлгілері» деген бейнематериал көру

арқылы өрбіді.

  Бейнематериалды

тамашалап болғаннан кейін, оқушы қыздарға сұрақтар қойылды. Сұрақтар қатары

мынадай болды:

·       Қыз қылығы болмаса, құр шырайдан не пайда?-

деген пікірге ой бөлісейік

·       Қазір қандай қыздарды жоғары бағалайды деп

ойлайсыз

·       Адамда жан сұлулығы мен тән сұлулығының

қайсысы басым болуы керек деп ойлайсыз?

·       «Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз

келтіреді» деген мақалды қалай түсінесіздер?

Сұрақтар талқыланып болғаннан кейін, Әзілхан

Нұршайықовтың қыз балаларға арналған өсиет сөздері жадынама ретінде таратылып,

бірлесе отырып талқыланды.

 Одан кейін аға тәлімгер Байқұмар Р. қыздардың

тәртібі, сабаққа қатысы, мектеп формасы, сонымен қатар қыздардың жеке бас

гигиенасы туралы, «Денсаулық – терең бақыт» деген мақалдың мағынасын түсіндіріп

берді.

Қорытындылай келе,

мектеп психологы жасөспірімдердің арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, сенім

телефондары мен сенім жәшігі туралы айтты. «Қыз» деген сөздің өзі әдептілік,

әдемілік, жан – жақты сұлудық деген ұғыммен астасып жатқандай. Бүгінгі шарада «Қыз

тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» дегендей Қыздарымызды тәрбиелеуден «кеш қалмайық» деп

сөз соңы тәмәм болады.

 

 

 

 

 

 Мектеп психологы:         Сағит Оразкүл

 

 

 

Просмотров: 844


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст