"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Латын әліпбиі- өзекті мәселе

03.11.2017

Минск орта мектебінің

ата-аналар жиналысы

хаттама № 1

17.10.2017 жыл

 

Қатысқан ата-аналар:  15

Қатысқан

мұғалімдер:  14

 

Күн тәртібінде:

 

1.    

«Латын әліпбиі-

өзекті мәселе»-Тилеухан С.

2.    

Тренинг-мектеп

психологы-Сағит О.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп оқу-тәрбие меңгерушісі Тилеухан С. сөз

сөйледі. Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін

біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге

неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған

кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Латын

әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін

қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын

латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру

туралы» заң қабылданды. Сондай-ақ, Елбасымыз өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты

Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің

позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану

жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан

бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

Қазіргі уақытта

ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Президенттің айтуынша, 2018

жылдан бастап, жаңа әліпбиді оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған

оқулықтарды дайындау керек. 2025 жылға қарай Қазақстанда латын әліпбиіне көшу

жаппай орын алуы тиіс. Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың

санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ

халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта

жаңғыруына жол ашады демекпін. Ата-аналар мен ұстаздар қауымына латын әліпбиі

туралы қысқаша бейнеролик ұсынылды.

Сөйлегендер:  Мектеп директоры Хадыр М. Бұл қазіргі уақытта тек жоба,

бірақ болашақта қолданысқа енеді. Қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар

латын әліпбиімен жазылуда. Жастар қауымына бұл қиын түспейді, жасы үлкен

адамдар үшін қиындық туғызуы мүмкін.

Хисхан Дидар ата –ана: Балаларымыз үшін латын әліпбиін қабылдауға дайынбыз. Бұл әріптердің

көптегені бізге мектеп қабырғасынан таныс.

Шешім:  Бірінші

мәселе бойынша, барлығы бірауыздан латын әліпбиін қолдады.

Екінші мәселе бойынша мектеп

психологы Сағит Оразкул ата-аналармен және ұстаздар қауымымен шағын тренинг

өткізді. Тренинг аты «Жеті құндылық» деп аталады. Бұндағы мақсаты адам

бойындағы адамгершілік құндылық негіздерін қалыптастыру. Нәтижесінде ата-аналар

өз өміріндегі басты құндылықтарды атап, маңызды құндылықты қалдырып анықтайды.

 

 

 

Мектеп директоры                   Хадыр М.

  Хатшы                                  Салембек А.                                                   

Просмотров: 571


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст