Минск
орта мектебі 4 «А» сыныбында «Қарттар мен мүгедектерді қолдау»
айлығына орай өткізілген сыныптан тыс іс – шарасының есебі.
2017-2018 оқу жылы.
Қазан айының 16 жұлдызында 4 «А» сыныбының
ұйымдастыруымен «Қарттар мен
мүгедектерді қолдау» айлығына орай сыныптан тыс іс- шара өткізілді. Мерекелік
сабаққа үлкендердің батасын, ақыл кеңесін алу мақсатында ата-әжелер қонаққа
шақырылды. «Қарттарым - асыл қазынам » деп аталған бұл сабақты мектеп директоры
Хадыр М алғашқы құттықтау сөзімен ашты. Оқушылар қарттарға мерекелік
тақпақтарын, ән-билерін арнады. Қарттардың көңілінен шыққан ерекше номер
ретінде «Ата мен немере» көрінісін айтуға болады. Қазіргі заманда кейбір
отбасында қарттарға көрсетілетін
әділетсіздікті бейнелейтін бұл көріністе сыныптың барлық оқушылары
қатысты. Көрініс соңы «Атаңа не қылсаң , алдыңа сол келеді» деген мақалмен
қорытылды.
Шара барысында
мақал- мәтелдер айту, жеті атаңды ата, сұрақ- жауап сияқты тапсырмалар да орындалды. Қорытынды сөз
ауыл ақсақалы Мағауянов Б . М берілді. Ата оқушылар мен мұғалімдерге ақ батасын, ізгі тілегін, оқушылардың өнеріне деген
ризашылығын білдірді.
Сынып жетекшісі:
Хошмах К