"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұлдызың жарқырасын, Шұғыла!

13.10.2017

Жұлдызың жарқырасын, Шұғыла!

 

10 қазан 2017 жылы Ақкөл ауданы Амангелді негізгі мектебі базасында Аудандық Ү Жайық Бектұров

оқулары өткізілді. Оған ауданымыздағы барлық мектептерден 22 оқушы қатысып, өз

өнерлерін ортаға салды. Онда оқушылар поэзия, проза, драма жанрлары бойынша

көркем оқу шеберліктерін ортаға салды. Бұл байқауларға қатысушы барлық оқушылардың аса жауапкершілікпен тыңғылықты әзірленгендері байқалып тұрды. Мектебімізден 6 «а» сынып оқушылары Блатаева Аяна мен Мұратбек

Шұғыла сынға түсті. Бұл сайыста мектебіміздің мақтанышы Мұратбек Шұғыла қатысушылардың ішінен жүзден жүйрік танылып, жүлделі І орынды қанжығасына байлады.Күн нұрындай арайлы Шұғылаға алдағы уақыттарда тек қана биік жетістіктерден көрініп, алар асу белестерде талабына нұр жаусын дейміз. Шәкірттердің алды болып, үкілеген үміттерді ақтап, шығар шыңы әрдайым жеңіс қана болуын шын жүректен тілейміз.

 

  Минк ортамектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Хавил Г.

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст