"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаздар күні

07.10.2017

Минск орта мектебі

ұстаздар күніне арналған 

«Жарқын жүзді мұғалімдер!»

атты іс-шара есебі

2017-2018 оқу жылы

     Халықаралық мұғалімдер күніне және

Қазақстан Республикасының мұғалімдер күніне арналған «Жарқын жүзді

мұғалімдер!»  атты  акцияның негізгі мақсаты қоғам назарын  білім беру саласына аудару, педагог

мәртебесін көтеру, оқушыларды өз ұстаздарын сыйлау мен қолдау көрсетуге

негізделген.

Жоспар бойынша акция  03.10 және 07.10

күндер аралығы болып белгіленген. 2-4 сыныптар арасында «Ұстаздық еңбек-ұлағатты

іс» және 5-11 сыныптар арасында «Ұстаз-бала жанының бағбаны» атты сынып

сағаттары болып өтті.  Мұғалімдер мен 9,

10, 11 сынып оқушылар арасында волейболдан кездесу болып, І орынды «Экспо»

командасы, ІІ орынды мұғалімдер, ІІІ орынды «Ұлағатты ұстаздар» командасы

иеленді.Мұғалімдер күніне арналған қабырғагазеттерін 2-11 сыныптар оқушылары жасады. Мерекеде зал әсем безендіріліп мұғалімдер арасында екі командадан құралған «Жарқын жүзді мұғалімдер» сауықтық-спорттық сайыс болып өтті. Мектеп әкімшілігі ардагер ұстаз Айсин Е.Ш. мерекелерімен құттықтап, сыйлығын ұсынды. «Жас келсе іске»-демекші мектебімізге биылғы жылы жұмысын жаңа бастап жатқан жас мамандарды да құттықтап, сый сыйапатқа бөледі.

Мерекелік сап түзеуде оқушылар ұстаздар қауымын құттықтап, құттықтау өлеңдерін, ізгі тілектерін білдірді. Қазан айының 5 күні өзін-өзі басқару күні болып белгіленіп, оқушылар мұғалім роліне енсе ал мұғалімдер өздерін оқушы ролінде сезінді.

  Тәрбие меңгерушісі    Тилеухан С

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст