Талаптыға нұр жауар.
2017 жылы 4 - 5 наурыз күндері Алматы
қаласында Мереке продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен
Республикалық
" Аналар - асыл жандар" атты балалар мен жасөспірімдер ән - би байқауы
өткізілді. Байқауға республикамыздың түкпір-түкпірінен дарынды оқушыларымыз жиналды. Оқушылар 6-9 жас
,10-13 жас, 14-17 жас категориялары бойынша өз өнерлерін ортаға салып , жүлделі орындарды
сарапқа салды. Бұл байқаудың "Көркемсөз" номинациясына 5 А сынып оқушысы,жас дарын, оқу
үздігі , халықаралық және республикалық "Ғұмырдария", "Жырлайды жүрек", "Асыл
мұра" байқауларының жеңімпазы Мұратбек Шұғыла
қатысып мектебіміздің қала берді ауданымыздың , облысымыздың мерейін өсіріп
қайтты. Байқаудың қорытындысы бойынша Шұғыла
Төлеген Айбергеновтің "Ана" өлеңімен өз тобында І орын
иеленіп
диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Шұғыла, жаңа
жеңісің құтты болсын!
Алдағы уақытта Шұғыланың оқуда үздік , шығармашылық биіктерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!
Минск орта
мектебінің директоры: Хадыр Муратбек .