Минск орта
мектебінде
8 наурыз
мейрамына арналған
іс-шараларды
өткізу туралы есебі
2016-2017 оқу
жылы
07 наурызда Минск орта мектебінде 8 наурыз –
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Екі жұлдыз» атты мерекелік кешін
ұйымдастырды.
Мақсаты: Аналарымызға ерекше
көңіл бөліп қолдау. Оларға деген сый құрметімізді өнер мен жыр арқылы жеткізу.
Атаулы мереке күні керемет көңіл күй сыйлап, ыстық ықыласқа бөлеп,
мейірімділігімізді төгу. Мектептің оқу-тәрбие меңгерушісі Тилеухан С. ашылу жиынын құттықтап,
ізгі лебізін білдірді. Шараға екі жұптан барлығы бес жұп болып
мектептің жас мамандары мен оқушылары аналарға арнап мерекелік концерт
ұйымдастырылды. Жұптар жұп-жұп болып бірінші бөлімде аналарға арнап ән шырқап,
екінші бөлімде қазақтың халық әнін шырқады.
Мерекелік кеш
қатысушылар мен көрермендерге өте жақсы көңіл күй сыйлады. Кешке қатысушылар
белсенділік танытты.
Оқу-тәрбие меңгерушісі Тилеухан С.