"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алтын жүрек анамыз

27.02.2017

«Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью»

мәнерлеп оқу сайысының ЕСЕБІ.

2016 – 2017 оқу жылы

 

04.02.2017 жылы Минск орта

мектебінде 2-10 – сыныптар арасында «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное

любовью» оқырмандар конкурсы өткізілді. Балалар конурсқа жақсы дайындалып,

аналарының суреттерін әкелді. Қатысқан оқушылар саны: 13, қатысқан

мұғалімдер:7. Конурсқа мектеп директоры Хадыр М., ағылшын пәнінің мұғалімі

Теңсел С., тарих пәнінің мұғалімі Ожай А., әділқазылар болды.

 Байқауға жетекшілік етіп отырған, қазақ тілі

мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бодан Аскергүлдің «Алтын жүректі – АНА» тақырыбында

баяндама оқыды. Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі Сағит Оразкүл

Ш.Құдайбердіұлының «Сәнқойлар» атты өлеңімен, мәнерлеп оқу байқауын бастады.

Оқушылар «Ана туралы, мейірімділік пен достық туралы өлеңдер оқыды. Балалар мәнерлеп оқу, шығарма,

эссе, авторлық өлеңдер аталымы бойынша белсенді қатысты.

 Атап айтар болсақ:

1. Мәулетхан Ақжол 9-сынып «Тәуелсіздік ...»;

2. Аманбаева Гүлден 10-сынып, Ф. Оңғарсынова «Ана»;

3. Алмабек Раушан 9-сынып, Т. Айбергенов «Ана»;

4. Қуанышбек Шынар 6-сынып, М. Шаханов «Төрт Ана»;

5. Блатаева Аяна 5-сынып, Қ. Мырза Әли «Ана»;

7. Сейіл Арайлым 3-сынып, «Жақсы мен жаман»;

8. Байбекова Адель 2-сынып, «Отан»;

9. Мұратхан Әділ 4-сынып, «Балалар бақыты».

Аталған оқушылар мәнерлеп оқу бойынша жарысқа түссе, өз

шығармашылығы мен эссе жазу бойынша төменде көрсетілген оқушылар өз біліктіліктерін

сынады.

1.  Бекеш Әлия 8-сынып, «Анашым» (шығарам), «Аналарды

жылатпаңдар, адамдар!» (өз шығармашылығы);

2.  Жәрденбек Әсел 7-сынып, «Анашым» (Өз шығармашылығы);

3.  Жанарбек Ақжол 7-сынып, «Анаға арнау» (шығарма);

4.  Қуанышбек Шынар 6-сынып, «Ана», «Мейірім», «Достық»,

«Қыздарға» т.б (өз шығармашылығы);

5.  Блатаева Аяна «Ана» (Эссе).

Байқаудың ерекшілігі: өлеңдер ерекше мейіріммен және

жылулықпен оқылды. Байқаудың жеңімпаздары анықталды: мәнерлеп оқу сайысы

бойынша Алмабек Р. «Сөз шебері» номинациясы, өз шығармашылығы бойынша Қуанышбек

Ш. «Жас дарын» номинациясы, эссе аталымы бойынша Блатаева А, «Жаса қалам»

номинациясымен жүзден жүйрік деп танылды.

 

 

 

Просмотров: 817


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст