Өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және
Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің ашылу салтанаты
Тақырыбы: Өзіңді тану – өмірді тану.
Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат,
бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адам қасиеті мен өзара
көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету
дағдыларын дамыта отыра рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс
қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мәні: Адам
бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз – өзіне деген сенімін арттыру,
адами қарым – қатынастарын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, «Өзіңді тану – өмірді тану» стенд,
слайд, шарлар, С. Назарбаева туралы бұрыш.
І жүргізуші:
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
ІІ жүргізуші:
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
І жүргізуші:
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді – өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
ІІ жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі
«Өзіңді тану - өмірді тану» атты Өзін-өзі тану
пәнінен «Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі
онкүндігінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
І жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі онкүндіктің ашылу жиынын
құттықтап, ізгі лебізін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің оқу – тәрбие
ісінің меңгерушісі Тилеухан Сейтмұратқа береміз.
ІІ жүргізуші:
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей
салтанатты жиынның келесі алғы сөзін мектебіміздің бастауыш сынып өзін – өзі
тану пәнінің мұғалімі Хошмах Күмісханға береміз.
І
жүргізуші:
Ия, осындай жақсы тілектер мен құттықтаулардан
кейін апталығымыздың
ашылуы көңілді әрі жарасымды басталуы үшін барлығымыз ортаға шығып «Көңілді
күн» әніне бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
ІІ
жүргізуші:
(С. А.
Назарбаева туралы слайд көрсетіледі, қысқаша баяндама оқылады)
Сара Алпысқызы Назарбаева
1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге
келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар
қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. «Бөбек» қорының негізін
қалаушы Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі
тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға.
2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының
үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.
І жүргізуші:
«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға,
ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап,
өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым –
қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның
рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.
«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік
ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері», «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік»,
«Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен –жүрекке» шеңбері
балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
ІІ жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі кештің алғашқы ән шашуын
мектебіміздің әнші жігіттеріне берелік. «Қазағым – ай» әнімен Елнұр мен
Айдосты қарсы алыңыздар!
І жүргізуші:
Дала қандай дарқандықтың майданы,
Көкте күні шуақ шашқан жайдарлы.
Тұлпарлардың кісінеген даусымен,
Сақталып тұр сахараның айбары.
ІІ жүргізуші:
Өскен ұл ем тарихыңды жаттай мен,
Салт-санаң боп жалпыласқан жаппай кең.
<<Ер қанаты >> ел санаты боп келген,
Ерлікке сай ереуіл ғой ат бәйгең.
І жүргізуші:
Ортада өздерінің «Тұлпарым» атты әсем әндерімен 3 «а» -сынып оқушылары,
талапты ұлдарыңыз Бердіхан Әділет пен Мұратхан Нұрбекті қошеметпен қарсы
алыңыздар!
ІІ жүргізуші:
Еліміздің туын асқақтатар, білім, білікті,
жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол, тәрбиелі, әділ, инабатты, өнегелі ұрпақ
тәрбилеу біздің алдымызда тұрған ең басты міндет. Осы мақсатта өркениетке
ұмтылып отырған мемлекетіміздің даму болашағының негізі ретінде қажеттілігін
айқындай түсетін, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін білім
ордасының жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы, рухани-адамгершілік тәрбие
берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні.
(Оқушылардың әдеби монтажы. Бастауыш сынып хоры: Жас дәуірдің түлегіміз)
Тақпақтар:
1- оқушы:
Алғыс айтам, менің Сара апама
Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.
Бал-бөбектер анасы, данасы,
Жүректерге махабатпен нұр төккен.
2- оқушы:
Жақсы
адам боп өссін деп,
Шығарған
өзің тануды.
Сара
апама мың алғыс,
Жолдаймыз
салем жалынды.
Үмітіңді
ақтаймыз,
Үйреніп
өнер, білімді.
Ар-ұятты
да сақтаймыз,
Жолатпай
жаман қылықты.
3-оқушы:
Оқушының білімін де сынайды.
Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,
Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.
Оқушылар өзін-өзі таниды,
Бойымызға тек ізгілік дариды.
4-оқушы:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Бұл пәнді үйренсең ерінбей,
Бойыңнан керемет байқайсың.
5-оқушы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
6-оқушы
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.
7-оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
8-оқушы:
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет
қыл бұл ісіңді,
Тазалап
жүр тісіңді.
9-оқушы:
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім,
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым
10-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
11-оқушы:
Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау –кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.
ІІ жүргізуші:
В добрый час и попутного ветра,
Или под ноги ровной дороги.
Пусть в пути улыбаются боги,
И душа полна будет света.
Песня: «Доброго пути». Исполнители: 3 «б» ученики класса Блинкова Ирина и Тулебаев Арман.
Аплодисменты!
ІІ жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
І жүргізуші:
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай. Алдарыңызда өзінің кішкентай ғана жүрек
түкпірінен шыққан аяулы әнін шырқау үшін 3 «а»-сынып оқушысы Сейілқызы Арайлымды
қарсы алыңыздар! «Аяулы анашым»
әнімен.
ІІ жүргізуші:
Ендігі кезекте назарларымызды
интербелсенді тақтаға бұрып, бүгінгі
тақырыбызға арнайы дайындалған бейне көріністі тамашалайық.
І жүргізуші:
Ия, сүйіспеншілік болған жерде бәрі болады
екен. Тек сол сүйіспеншілік сезіміміз адал да ақ жүректен шыққай.
Қолдарыңыздағы стикерлерге өзіміз алғыс білдіргіміз келетін жандарға арнайық.
ІІ жүргізуші:
Әкешім асқар тауым мақтанышым
Шуақты ақ ізіңе бақ дарысын
Сана боп ұл-қызыңа қамқор сыйлап
Әрқашан жүректерге от дарысын.
І жүргізуші:
Бақ сыйлап балғын бала шағымызда
Ақ папа сіз биік нарымызда.
Әкешім 100 жасап, күліп-ойнап,
Аяулы анамызбен жанымызда – дей келе,
асқар тау әкелерімізге арналаған «Асыл әке» атты сазды да сырлы әнімен
мектебіміздің алдыңғы қатарлы әнші қызы Аманжол Балжанды қарсы алайық!
ІІ жүргізуші:
Сара Алпысқызы: «Мен
бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа
қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не
үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып
көрсете білуі тиіс» - дейді.
І жүргізуші:
Терең
білімді, білікті іскер болу, қайраткер, ұлттық тұлғаға айналу, көп оқып, көп
ізденуді ғана емес, уақытты дұрыс пайдаланып, ерінбей еңбек етуді де қажет
етеді. Демек, адамның өзін – өзі үнемі қамшылап отырғанда ғана айтулы тұлғаға
айналмағы хақ. Осымен, Өзін – өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық» атты
онкүндіктің ашылу салтанаты аяқталды. Қош сау болыңыздар!