«Біз бақытты балалар-еліміздің келешегі»
атты оқушылар арасында аймақтық пікірсайыс турнирі
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі 22022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, Ерейментау ауданында «Біз бақытты балалар-еліміздің келешегі» атты оқушылар арасында аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.
Пікірсайыс турнирінің мақсаты – елдің пікірсайыс қозғалысын дамыту, жастардың толенранттылығы мен азаматтық сана-сезімін тәрбиелеу, жас спикерлерді іздеу және қолдау.
Осы іс-шараға Ақмола облысы білім ұйымдарынан Көкшетау қаласы, Степногорск қаласы, Шортанды, Аршалы, Ерейментау, Ақкөл аудандары бақ сынады. Барлығы 19 команда қатысқан бұл турнирге Ақкөл ауданыны намысын қорғауға Саздыбұлақ ауылының жалпы орта білім беретін метебінің «Ақиқат ұшқыны» командасы, Муратбек Шұғыла мен Хуанишбек Шынар қатысты.
Тартысқа толы өткен пікірсайыс турнирінде «Ақиқат ұшқыны» командасы «Бас жүлдені» жеңіп алды. Сонымен қатар, Ерейментау әкімдігінің кубогын, ақшалай сыйлық сертификатына ие болды.
Мұратбек Шұғыла әділқазылардың шешімімен пікірсайыс турнирінің «Үздік спикері» аталымына лайық деп танылды.
«Ақиқат ұшқыны» командасының жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Алар асулары мен бағындырар биіктерде қанаттары талмасын. Әрдайым жұлдыздары жарық болсын демекпіз.