01.06.2022 жылы Ақкөл қаласы орталық стадионда "1-мамыр балаларды қорғау күніне " арналған салтанаты іс-шара ұйымдастырылды.Салтанаты, мерекелік іс -шарада аудандық барлық мектептердің дарынды оқушылары шақырылды. 2021-2022 оқу жылы Халықаралық ,Республикалық , Облыстық түрлі олимпиада, конкурстардың жеңімпаздарын Ақкөл аудан әкімі Курушин Ю.В. мерекелерімен құттықтап оларға "Алғыс хат" бағалы сыйлықтарын табыс етті.Саздыбұлақ орта мектебінің оқушылары Хуанышбек Шынар, Муратбек Шұғыла осы іс -шараға қатысып, аудан әкімінің марапатына ие болды.Бұл біз үшін мақтанарлық жағадай.
"2022 жыл Балалар жылы " еліміздің ертеңгі болашағы балаларға арналған іс -шаралардың ұрпаққа берері мол болғай! Бұл іс -шараны ұйымдастыруға ат салысқан азаматтарға ,ата- аналар атынан алғыс білдіреміз. Ертеңін ойлаған елдің келешегі кемел болмақ!