Минск орта мектебіндегі «Ұстаздар күні» мерекесіне орай
өткізілген іс – шаралар есебі
2019 – 2020 оқу жылы
Мектебімізде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай 1.10.19ж. күні «Ұстаз – ұлы есім» атты 2 -11 сынып оқушылары арасында караоке болды. Мақсаты: оқушылардың ұстазға деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін арттыру. Мерекелік қабырға газеттері (коллаж түрінде) шығарылды.
2.10.19ж. күні «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты педагогикалық ұжым арасында сайыс болды. Мақсаты: халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру.
Сайысқа 6 мұғалім қатысты.
Мақал – мәтел сайысына қатысушылар:
Жұмбақшылар сайысына қатысушылар:
Сайысқа қатысқан мұғалімдер арасынан өзінің тапқырлығы мен ой ұшқырлығымен ағылшын пәнінің мұғалімі Теңсел С. жеңіске жетті.
3.10.19ж. күні «Өзін – өзі басқару күні» болды.
«Ұстаз – мәңгі нұрдың шуағы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
4.10.19ж. күні «Ұстаздық еңбек – ұлағатты іс» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Мерекелік салтанатты саптүзеуде оқушылар ұстаздар қауымына ізгі тілектерін айтып құттықтады.
Апталық соңы би кешімен және педагогикалық ұжымның мерекелік дастарқанымен аяқталды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Сағит О.Д.