Минск орта мектебінде өткізілген
«Отбасы-тәрбие бастауы, мектеп-тәрбие жаршысы»
атты іс-шараның есебі
2019 – 2020 оқу жылы
25.10.19ж. күні мектебімізде 2-3 сынып және 5-11 сынып оқушыларымен және ұстаздар қауымы, ата-аналардың қатысуымен «Отбасы-тәрбие бастауы, мектеп-тәрбие жаршысы» атты сабақ өткізілді.
Қатысқан оқушылар саны: 2-3 сынып – 17 оқушы, 5-11 сынып – 23 оқушы.
Қатысқан ата – аналар саны: 8.
Қатысқан педагогтар саны: 10.
Мақсаты: отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Сабақты жүргізушілер:
Мектеп басшысы Хадыр М. сабаққа қатысушылар назарына қазіргі отбасылық өмірдің хал – аухалы мен отбасында балаға берілетін тәрбие туралы айтты.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Сағит О.Д. қатысуымен «Отбасы-тәрбие бастауы, мектеп-тәрбие жаршысы» тақырыбында баяндама оқыды.
Сабақ барысында «Ата-ананы құрметтеу туралы» бейнематериал және мектеп оқушысының арнайы дайындаған «Менің отбасым – менің байлығым» бейнеролигі көрсетілді. Сонымен қатар, сабаққа қатысушылар «Бақыт үйі» және «Отбасы мүшелерін қандай мақсат байланыстырады?» деген тақырыпта флипчарт жұмыстарын жасады. Ата – аналар және оқушылар бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс жасап, бір – біріне деген ыстық ықыластарын білдірді.
Сабақ соңында, «Әке – ана» атты әнді караоке жанрында барлығы қоысылып орындады.
«Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек» - деп бүгінгі сабағымызды өз мәресіне жеткіздік