«Үш тілде білім берудің қажеттілігі»
тақырыбындағы пікірсайыстың есебі.
2022 – 2023 оқу жылы
08.09.22 ж. күні мектебімізде «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі» аясында «А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл» толуына орай «Үш тілде білім берудің қажеттілігі» тақырыбында 6-8 сынып оқушылары арасында мектепішілік пікірсайыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың тіл мен тарихқа деген білімдерін арттыру. Өзге тілді білуге, өз тілін құрметтеуге дәріптеу. Ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының ана тіліміз жолындағы ерен еңбектерімен таныстыру.
Пікірсайысқа «Тіл ұшқыны және «2050» екі топ қатысты. Жеребе бойынша ойыншылар өз позицияларын (жақтаушы, даттаушы) таңдады. «2050» тобы жақтаушы, «Тіл ұшқыны» тобы даттаушы позицияларында ойнап, өз ойларын ортаға салды.
«2050» тобы «Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдалана алатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл- елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуының бірінші баспалдағы» десе,
«Тіл ұшқыны» тобы «Жер шарында 900 - ге жуық ұлт өмір сүреді. Қазір біздің планетамызда 5651 тіл бар, ол тілдерде миллиардтан астам адам сөйлейді. Өзінің тілін Ана тілім деп атайтын бірден бір халық - қазақ. Өйткені, халқымыз Анасын қастерлеп, қадірлеген. Ең қасиетті, киелі нәрсені Анаға теңеген. Сөз мүшесінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында 70 - ші орында.
Қай халықтың болмасын мәдениеті, дәстүрі, ұлттық қадір қасиеті сол ана тілі арқылы көрініс тауып, ана тілі арқылы шырайлана түседі. Халық барда тілі бар. Тіл мен халық егіз ұғым екені бәрімізге мәлім» деп өз позицияларын ұстанды.
Пікірсайыстың қорытындысы бойынша ұтымды ойлары мен нақты жауаптарымен «2050» тобы жеңімпаз атанды.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құметте» -деп бүгінгі пікірсайысымызды аяқтадық.