"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақырыбындағы танымдық сабақ

21.09.2022

«Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов»

тақырыбындағы танымдық сабақтың есебі

2022 – 2023 оқу жылы

 

6-қыркүйек күні мектебімізде «Тілдер фестивалі» онкүндігі және ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлтымыздың ұстазы – Ахмет Байтұрсынов» тақыбырында 6-11 сынып оқушыларының қатысуымен танымдық сабақ өтті.

Мақсаты: Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы, әліппенің атасы, қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист Ахмет Байтұрсынов туралы кеңінен таныстыру. Өмір және еңбек жолын әңгімелеу, үлгі болар өнегесін жас ұрпаққа паш ету.

Тарих пәнінің мұғалімі Которина А.Ш. «Қазақ халқының рухани көсемі – Ахмет» тақырыбында баяндама оқыды.

Оқушыларға «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты бейнематериал интербелсенді тақтадан көрсетілді. «А.Байтұрсынов қай салада қызмет етті?», «Саясаткер ретінде қалай танылды?», «Қазақ тарихында орны қандай?» т.б. сұрақтар қойылып, сабақ барысына талқылау жасалды. «Анама хат» өлеңін аудио жазбадан тыңдап, өлеңдерімен танысты.

Просмотров: 521


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст