Минск орта мектебіндегі Тәуелсіздік күні мерекесіне
орай өткізілген «Жас ұлан» балалар ұйымына
оқушыларды қабылдау есебі.
2018-2019 оқу жылы
Минск орта мектебінде 13 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Жас ұлан » ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Қыран» ұйымына 5 оқушы, Жас ұланға 3 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған «Жұлдыз» өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Хадыр Мұратбекұлы сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.
Аға тәлімгер : Ауел Б.