"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақбота» шағын орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өтті

27.12.2019

Минск орта  мектебінің  «Ақбота» шағын орталығында

өткізілеген жаңа жыл мерекесінің есебі

2019-2020 оқу жылы

 

25.12.19ж. күні мектебіміздің «Ақбота» шағын орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілік өтті.

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаны қалай әдемі безендіргені,  Аяз ата мен Ақшақардың, мерекелік киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасты ояту.

Мерекелік құттықтау сөз мектеп басшыларының жылы лебіздерімен басталды.

Ең кішкентай бүлдіршіндеріміз жаңа жылдың не екенін, оның бізге қандай қуаныш әкелетінін сол жаңа жылдағы кейіпкерлердің бастысы қарлы боранды Аяз атаның керемет сөздерін естіп аң таң болды. Кішкентай балалар өзіне таңсық заттарға тез сеңгіш қой. Ғажайып ақ киімді, ақ сақалды, Аяз ата мен немере қызы Ақшақар кез келген залдың ең үлкен сыйлығы болды. Ертеңгіліктің ашылуы тамаша сиқыршы сөзімен басталған болатын. Аяз ата мен ақшақар  балаларды көріп бір қуанады да, өзінің жылы тілектерін айтты. Аяз атамызды көре сала тақпақтар айтып оның ормандағы ең құрметті жан екен танытып жатты. Артынша барлығы қосылып «Шырша жыры» деген тамаша әнді айтып, шырша шамдарын жақты.

 Мерекелік шаранын шымылдығын бүлдіршіндеріміз Жаңа жыл мерекеге арнап   жаттаған жыр шумақтармен ашылды. Әсем киінген бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетуге асықты. Бүлдіршіндеріміз өз өнерін көрсете отырып «Ойыншықтар» әнін орындады. Даярлық тобының бүлдіршіндері «Аққала жапсыру» ойынын жылдамдық таныта отырып  суретін  жапсырды. Ойын қызықты болды. Ал даярлық топ балалары «Тұлпарым» әні орындады. Мұратхан Нұрай үнді биін билеп, көрермендерді таң тамаша етті.

«Жаңа жыл» әнін балалар хормен шыршаны айналып бүлдіршіндеріміз әндерін айтып мерекемізді аяқтадық.

 Мерекелік  кештің соңында  естелік суретке  түсіп, ата – аналар  мерекелік құттықтау лебіздерін айтты. Жаңа жыл күніне орай өкізілген барлық топ бүлдіршіндеріміз  мектепішілік іс- шараға  белсене қатысты. Аяз атамыз балаларға сыилығын таратып, өте көңілді әрі жарқын мереке болды.

 

 

 

Шағын орталық тәрбиешісі:         Хойшыбай Ғ.

Просмотров: 780


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст