"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

26-шы қаңтар күні 10 «А» - сыныбында химия пәнінен «Судың кермектігі, және оны жою жолдары» тақырыбында ашық сабақ

31.01.2023

  

    26-шы қаңтар күні  10 «А» - сыныбында  химия   пәнінен  «Судың кермектігі,  

 және оны  жою жолдары»  тақырыбында ашық сабақ  өткіздім.      

Мақсатым: Табиғи су құрамында әр түрлі еріген заттардың болатындығын анықтау. Кальций, магний  катиондары қандай  қасиеттерге негізделгенін түсіндіру.  Кермектілікті анықтау және оны жою әдістерімен таныстыру.

          Сабақта қолданылған  әдіс-тәсілдер: Белсенді оқыту әдісі, проблемалық оқыту,  жеке жұмыс,  жұппен  жұмыс,  практикалық жұмыс . “Ұшақпен жолданған тілек”  «Plickers»,  «Сәйкестігін тап», «Ия немесе жоқ», “Фишбоун”,  «Кір жаятын жіп», «VAK» әдістері. Күтілетін нәтиже: Судың құрамында   кальций , магний , карбонат, гидрокарбонат , хлорид және сульфат  иондарының болуына байланысты суда қандай кермектілік болатындығын ажырата  білу. Сабақ жоспарын құрастыруда  барлық жеті модульді  ықпалдастыра  қолдануды көздедім. АКТ мен білім берудегі жаңа тәсілдер модулін негізгісі деп алуды ойластырдым. Сабағымды амандасу сәтінен бастадым.  Сабақта   балалардың  өздерін еркін сезініп, көңілдерін көтеру мақсатында «Ұшақпен  жолданған тілек» әдісін қолдандым.  Оқушылар психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында өздері тілек жазған  ұшақтарын    бір-біріне ұшыру арқылы  тілек білдірді.  Үй тапсырмасы «Кальций мен магний қосылыстары»  «Plickers»,  «Сйкестігін тап»,  әдістері арқылы тексерілді.  Жұптар  бір-бірін   өзара  бағалады.  Берілген тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдалып алынып, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасуына  мүмкіндік береді. Жаңа сабақтың тақырыбын  ашу мақсатында демонстрациялық  жұмыс жасалып, ой қозғалды. Сыни ойлау модульін жүзеге асыру үшін «Диалогтік әңгіме» жүзеге асырылды. Жаңа сабақты  меңгерту үшін «Судың кермектілігі және оны  жою жолдары»  тақырыбындағы   слайд  арқылы сабақ  түсіндірілді.  Оқушылар  QR код арқылы  Интернет ресурс материалдарын қолдана отырып, мәтінмен жұмыс жасай отырып « фишбоун» әдісі арқылы тапсырма орындады. Сабақта  оқушылар  судың кермектігін жою жолдарын  практика тұрғысынан білу үшін  зерттеу жұмыстарын  жасады.  Сабақты бекіту мақсатында   «Ия немесе жоқ» әдісін  қолдандым.  Сабақты «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы қорытындыладым.   Сабақ соңында оқушыларға  «VAK»  әдісі арқылы  рефлексия  жасатып  сабақты  аяқтадым.

Просмотров: 429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст