"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды ойын жүргізді. Сайыс 5-сыныптардың оқушыларына өткізілді.

09.02.2023

Жүзден жүйрік» іс-шарасының  есебі

2022-2023 оқу жылы

 

Ақпан айының 3-і күні Саздыбұлақ ЖОББ мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі Теңсел Сандуғаш сыныптан тыс «Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды ойын жүргізді. Сайыс 5-сыныптардың оқушыларына өткізілді.

Қатысқан балалар саны – 9

Қатысқан мұғалімдер саны – 8

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру, қарым-қатынасты дамыту.

Сабақтың жүрісі: Психологиялық дайындық ретінде «Атом және молекула» атты ойын жүргізілді.  Алдын ала сынып екі топқа бөлінді. 1-топ «Тапқырлар», 2 топ «Алғырлар». Әр топ өз командасын таныстырып, сәлемдеулерін айтты.

Сайыс 6 бөлім тұрды. Оқу бағдарламасының негізгі пәндерінен алынды. Атап айтқанда, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы және қорытынды бөлім. Әр бөлімнің ұпай сандары әр түрлі, әділқазылар алқасы жазып белгілеп отырды.

Барлық оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін дәлелдей білді.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы қорытынды жасап, жеңмпаздарды анықтады. 1-орын «Тапқырлар» тобы – 310 ұпаймен алға суырылып шықты. 2-орынды «Алғырлар» тобы – 295 ұпаймен иеленді.

Сайыс тартымды, қызық өтті. Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

Ағылшын тілі пәні мұғалімі                   Теңсел Сандуғаш

 

 

 

 

Просмотров: 437


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст