Саздыбұлақ орта мектебінің 9 «А»- сыныбында «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу»
тақырыбында өткізілген ашық сабақтың есебі
Ақпанның 7-сі күні 9 «А» - сыныбында химия пәнінен «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі және оның тұздарының химиялық қасиеттерін зерттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: күкірт қышқылы ерітіндісі мен оның тұздарының физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Белсенді оқыту әдісі, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс, практикалық жұмыс, «Алып қадам», «Фонарик» әдісі,, «Барабан» әдісі, «Тик-ток» әдісі.
Сабақты оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Алып қадам» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру сәтінен бастады. Оқушыларды топқа бөлу үшін «фонарик» әдісі қолданылды. Оқушылар «Барабан» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп, үй жұмысы сұралды. Оқушыларға слайд арқылы сұйылтылған күкірт қышқылы және онымен жұмыс жасау жолдары таныстырылып, оқушылар жұптық жұмыс жасау арқылы күкірт қышқылымен жұмыс жасау жолдарын үйренді. Оқушылар сабақтың ортасында практикалық жұмыс жасау арқылы алған білімдерін практика жүзінде іске асыра білді. Оқушылар сабақтың соңында жеке жұмыс жасай отырып, өздері орындаған жұмыстарының нәтижесін жазып, қорытындылады. Сабақтың соңында оқушылар «тик-ток» әдісі арқылы рефлексия жасап, сабақ аяқталды. Сабақ өте қызықты әрі тартымды өтті.