Саздыбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде
"Темекі шегуге және нашақорлыққа қарсы күрес»
тақырыбында өткізілген іс-шара
2022 – 2023 оқу жылы
Саздыбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларды зиянды заттарды қолданбау және одан сақтандыру жөнінде түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету мақсатында "Темекі шегуге және нашақорлыққа қарсы күрес" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен зиянды заттарды қолданудың алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Осы орайда мектебімізде бірнеше іс-шаралар болып өтті.
Ақпан айының 6- сы күні көркем еңбек пәнінің мұғалімі Аманкелди Вера мен әлеуметтік педагог Ауел Бахыткерей 5-8 сыныптар арасында « Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты сурет байқауын өткізді. Ақпан айының 7-сі күні кітапхана қызметкері Хавил Гүлжанат оқушыларға жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту мақсатында «Зиянды әдеттерге жол жоқ» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Ақпан айының 8-і күні мектеп психологы Сағит Оразкүл 8-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы психобелсенді (темекі, ішімдік, есірткі) заттарын пайдалану және таратуға байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және ағымдағы жағдайларды зерттеу мақсатында «Темекі шегу мен ішімдіктің алдын алу» тақырыбы бойынша сауалнама жүргізді.
Ақпан айының 9-ы күні 10 «А» - сынып жетекшісі Бодан Аскергүл зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу мақсатында 10-11 сыныптармен «Дені сау ұрпақ - ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізді. «Темекі шегу және нашақорлыққа қарсы күрес" тақырыбында өткізілген іс- шаралар қызықты да тартымды өткізілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: К.Ч.Байдаулетова