Минск орта мектебінде кәсіптік бағдар, мамандық таңдауға байланысты өткізілген «Бүгінгі оқушы – ертеңгі студент» атты студенттермен кездесу кешінің есебі
2019 2020 оқу жылы
15.01.20ж. күні жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсіндіру мақстатында 9 – 11 сынып оқушыларымен «Бүгінгі оқушы – ертеңгі оқушы» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.
Қатысқан оқушылар саны: 6, мұғалімдер – 4.
Қатыспаған оқушы: 1
Қатысқан студенттер саны: 6.
Барысы:
І. Кешті ашу.
1-бөлім. «ЖАРАЙСЫҢ!» таныстыру
2-бөлім. «Бос микрофон» сұрақ-жауап бөлімі + (слайдшоу)
3-бөлім. «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» жағдаяттар
4-бөлім. «Ақ тілектер» ҰСТАЗ – СТУДЕНТ – ОҚУШЫ – СТУДЕНТ + (кароеке)
Сөз кезегін алғашқы болып мектебіміздің басшысы Муратбек Хадырұлы бастады.
Кешке қатысқан студенттеріміз мектеп оқушыларына мамандықты таңдауы туралы қысқаша ақпарат, ол жетістікке қалай қол жеткізгендігі, оқу орнының ерекшіліктері мен білім сапасының тереңдігі туралы кеңінен баяндап берді.
Болашақ түлектер өздерін мазалаған сұрақтар легін студенттер қауымына қойып, нақты жауаптар алды.
9-сынып жетекшісі Теңсел С., 10-сынып жетекшісі Зайнулинов Н.К., 11-сынып жетекшісі Бодан А. кешті қорытындылап, студенттерге жүрекжарды тілектерін айтып, болашақ түлектерге ақ жол тіледі.
Бұл кеш болашақ түлектеріміз үшін студенттік өмірдің қандай болатынын, үлкен өмірді көз алдарына елестетсе, студенттер үшін мектеп қабырғасында өткен қызықты, қайталанбас шақтарды естеріне алды.