"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» дәстүрлі онкүндік

13.02.2020

                                                          

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен  Шығармашылық

 педагогикасы» дәстүрлі онкүндік есебі

2019 – 2020 оқу жылы

 

            Минск  орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты  онкүндіктің жоспары құрылып, осы бойынша іс- шаралар өткізілді. Мұнда ақпаның 3- күні салтанатты ашылуында Сара Назарбаеваның өмірбаянымен танысып, сол жайында слайдтар көрсетіліп, әр оқушы өзінің білгенін ортаға салып, ойларымен бөлісті және Сара Алпысқызы Назарбаева жайында баяндама тыңдалып   бейнероликтер  көрсетілді. Мұнда оқушылар өз түсінгенін айтып беріп сол көрген бейнероликтерге байланысты мақал-мәтелдер айтты.                                Ақпанның 4-күні  «Адамгершілік- мол қасиет» атты сыныптан  тыс  сайыс  сабағы өткізілді. Жалпы азаматтылық- құндылық атты бейнеролик көрсетліп, оқушыларды екі топқа жеребе арқылы,   «Адалдық» және «Мейрімділік» деген топқа бөлініп ,өз топтарын мақтап, мадақтап, екеуіде таныстырды.

2-тапсырма: Мақалды жалғастыру                                                                        

3-тапсырма: Нақыл сөздердің авторын табу

4-тапсырма: Жұмбақтардың шешуін табу

5-тапсырма: Сөзжұмбақты табу

6-тапсырма: Мәтінді оқып, сахналау

Осындай алты түрлі тапсырма берілді, осы сынақтардан сүрінбей өткен «Адалдық» тобы өз білімдері мен өнерлерін шебер көрсете білді.       

Ақпанның 5- күні “Қайырымдылық және  патриоттық”  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мұнда бейнефильмдер, слайдтар көрсетіліп, әр оқушы атап айтатын болсақ, Қуанышбек Шынар өзінің білгенін, көргенін ортаға салып, өз ойымен бөлісті, тағыда басқа оқушылар өз ойларын айтып, оны флипчарт түсіріп өз ойларымен бөлісіті.

Ақпанның 6- күні «Ана, мейірімділік,  бейбітшілік пен достық» тақырыбында шығармашылық жұмыстар, суреттер ашық хаттар, қабырға газеті көрмесі ұйымдастырылып, әр оқушы өзінің тамаша суреттері мен аналарына әжелеріне деген ыстық -ыстық  сезімдерін ашық хат, өлен жолдарын арнады.

Ақпанның 7-күні «Салауатты ұрпақ – мерейлі отбасынан» атты сынып сағаттарын әр сынып жетекшісі өткізді.  Ақпанның оны күні бастауыш сынып мұғалімі Каден К. өзін – өзі тану пәнінен «Жомарттық пен кеңпейілділік» атты ашық сабақ өткізді.   Онда оқушылыр барлығы белсене қатысып, сабақ  қызықты өтті.

Ақпанның 11- күні  « Алтын жүрек анамыз»  атты мәнерлеу оқу сайысы 5-11  сыныптар арасында болды. Бұл сайыстың мақсаты өз анамыз қадірін қасиетін түсіне отырып, әр оқушы өздерінің жаттаған өлендерін   нақышына, мәнеріне келтіре отырып, орындады.  Бұл сайыста Бердхан Әділет, Бекеш Сырым, Сейіл Арайлым сияқты оқушылыар өлендерін нақышына келтіре айта білді. 

Өз шығармашылығынан Муратбек Шұғыла, Бердхан Әділет «Ана» туралы өз шығармашылығынан өлең оқып, көрермендердің көңілінен шығып, жақсы бір көңіл - күй сыйлады.  Осы  өзін-өзі тану он күндік жабылу салтанатты жиынында өзін-өзі тану мұғалімі  Бодан А. қатысқан оқушыларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыстады.

 

 

 

 

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст